04.02.2014, 19:45 3020

2014 жылы Степногорск қаласында ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында 12 тұрғын үйді жөндеу жоспарланған

"2011-2012 жылдары аталмыш бағдарламаны Степногорск қаласында жүргізу аясында 13 көп пәтерлі тұрғын үйге 175,3 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді", - деп Ақмола облысы әкімдігенен хабарлады.

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan today. Ағымдағы жылы Степногорск қаласында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мемлекеттік бағдарламасы аясында 12 тұрғын үйге 250 млн теңгенің жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

"2011-2012 жылдары аталмыш бағдарламаны Степногорск қаласында жүргізу аясында 13 көп пәтерлі тұрғын үйге 175,3 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді", - деп Ақмола облысы әкімдігенен хабарлады.

Бұдан басқа, электр энергиясын үнемдеу мақсатында 4 көп пәтерлі үйлерге автоматтандырылған жылу қазандықтары мен 6 бүкіл үйге арналған есептеуіш құралдар қойылды. Осының арқасында жылу энергиясының 30% үнемделеді.

Ал, Степногорск қаласында 2013 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында Степногорск қаласында бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуымен қазынаға қайта қаралуын қадағалайтын "Степногорск-БЕО"ЖШС іске қосылды.

Орталықтың қызметіне қомақты қаржының мақсатты жұмсалуы мен олардың қайта қайтарылуын және коммуналдық қызметке төлеу үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.

"Бүгінде қаржының 80% қайтарылды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы жүзеге асыру аясында өткен жылдың қаңтар айында 350 мың теңге қайтарылды. Биыл бұл көрсеткіш 10 есе артып, 3,5 млн. теңгені құрады", - деп облыс әкімдігінен хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны