02.07.2014, 20:22 3890

2015-2019 жылдарға арналған ҮИИД МБ 6 басым салаға негізделген

"Малайзия мен Тайланд секілді елдерде экспортқа шығатын тауар түрлері шамамен 800 тауарға дейін барды. Қазақстанның да осынау көрсеткішті кемінде 300-ге жеткізу мүмкіндігі бар. Бұл Ресей мен Чили, Бразилия нарығына шығуға мүмкіндік береді", - дейді Е.Досаев.

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan today. 2015-2019 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы 6 басым салаға негізделген, деп мәлімдеді бүгін ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша Үкіметтің есебінде.

"Индустрияландырудың екінші кезеңі экономиканың теңестірілген құрылымын құруға және елдің экспорттық әлеуетін арттыруға жетекші орынға ие болатын өңдеуші өнеркәсіпті қамтитын жаңа жұмыс орындарының құрылуына, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін және ондағы қаржылық базаны сақтайтын дәстүрлі (шикізаттық) салаға ұзақмерзімді болашақта экономиканың тұрақты өсімінің негізіне айналатын және жаңа көздерді ашатын инновациялық сектор мен көпшілікті жұмыспен қамтитын және өндірісі аз секторлардан өнімі мен табысы жоғары секторларға кісі алмасуына мүмкіндік беретін қызмет саласына негізделген", - дейді министр.

Оның айтуынша, транспорттық, индустриялық және энергетикалық инфрақұрылымға ерекше маңыз берілген.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік банк пен АДБ секілді ірі халықаралық ұйымдардың ұсынысымен салалардың әртараптандыруына ғана көңіл аударылмай, сонымен қатар сауда әріптестерінің де әртараптандыруы мен тауар түрлері мен экспорт кезіндегі қызметтерді де әртараптандыру маңызды. АДБ сарапшыларының мәліметінше, бүгінде 127 тауар түрі ғана экспортталады екен.

"Малайзия мен Тайланд секілді елдерде экспортқа шығатын тауар түрлері шамамен 800 тауарға дейін барды. Қазақстанның да осынау көрсеткішті кемінде 300-ге жеткізу мүмкіндігі бар. Бұл Ресей мен Чили, Бразилия нарығына шығуға мүмкіндік береді", - дейді Е.Досаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны