09.06.2015, 13:04 3739

"2015 жылдыӊ 5 маусымдағы жағдайы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудіӊ Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат

Бұл ретте, сатудан түскен қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 860 млн. теӊге, облыстық бюджеттерге 811 млн. теӊгеден астам, Холдингтерге - 50 778 млн теӊге, ИКК - 2 917 млн. теӊге түсті.

Астана. 09 Маусым. Kazakhstan Today - 2014-2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 496 объекті жоспарланған. 2014 жылдыӊ маусымнан 2015 жылдыӊ маусымына дейінгі кезеӊде 339 объекті жекешелендіруге жоспарланған. 2015 жылдыӊ 5 маусымдағы жағдай бойынша іс жүзінде саудаға 313 объект шығарылды, оныӊ 173 объектісі сатылды, оныӊ ішінде республикалық меншік бойынша - 8, коммуналдық меншік бойынша - 75, ИКК - 51, холдингтер бойынша - 39, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл ретте, сатудан түскен қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 860 млн. теӊге, облыстық бюджеттерге 811 млн. теӊгеден астам, Холдингтерге - 50 778 млн теӊге, ИКК - 2 917 млн. теӊге түсті.

Республикалық меншік бойынша

Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдыӊ маусымнан 2015 жылдыӊ маусымына дейінгі кезеӊде іс жүзінде сатуға 19 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдыӊ 5 маусымдағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 19 объекті шығарылды, оныӊ ішінде 8 объекті сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша

Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 245 объектініӊ сатылуы белгіленді. 2014 жылдыӊ маусымнан 2015 жылдыӊ маусымына дейінгі кезеӊде 159 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 5 маусымдағы жағдайы бойынша 149 объекті саудаға шығарылды, оныӊ ішінде 75 объекті сатылды.

Илеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша

Илеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014-2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 110 объекті белгіленді. 2014 жылдыӊ маусымнан 2015 жылдыӊ маусымына дейінгі кезеӊде 83 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 70 объекті сатуға қойылды, оныӊ 51 сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша

2014 - 2015 жж. арналған сату Кестесі бойынша 107 объекті жекешелендіруге жатады, ағымдағы жылдыӊ 5 маусымдағы жағдайы бойынша жоспарланған 78 объектініӊ 75 объектісі сауда-саттыққа шығарылды, оныӊ ішінде 39 объекті сатылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны