20.12.2013, 20:05 3873

2015 жылға қарай Қостанай облысының кәсіпкерлері "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 24 мың бас ірі қара алады - Н.Садуақасов

Үстіміздегі жылы шаруашылықтың барлық санаттарында сүт өндіру - 344,9 мың тонна, тірі салмақтағы ет өндірісі - 131,6 мың тонна, жұмыртқа - 422,7 млн. дананы құрайды.

Алматы. 20 желтоқсан. Kazakhstan today. 2015 жылға қарай Қостанай облысында "Сыбаға" бағдарламасы аясында ауыл шаруашылық кәсіпкерлері татрапынан 24 мың бас ірі қара алынады, деп мәлімдеді ОКҚ баспасөз конференциясында Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов.

"Сыбаға" бағдарламасы бойынша жылдық тапсырма 3000 мал басына қарсы 4073 мал басы сатып алынды (136%). Аталған бағдарлама іске асырыла бастағалы АӨК субъектлері 11,5 мыңнан астам мал басын сатып алды. 2015-жылға қарай ауыл шаруашылығы кәсіпорындары шетелден 21 мың бас асыл тұқымды ұрғашы ірі қара мал әкелсе, "Сыбаға" бағдарламасы аясында 24 мың бас мал сатып алынды. Бұл саланың өнімділігін арттырып, 2016-жылға қарай ет экспортын 2,5 мың тоннаға жеткізуге мұмкіндік береді", - деді әкім.

Қостанай облысындағы ауыл шаруашылығы экономиканың ең перспективалы секторларының бірі болып есептеледі. Осыған байланысты экономиканың аграрлық секторын тақау жылдары дамудың сапалы жаңа деңгейіне көтерудің үлкен әрі жауапты міндеті жүктелген.

Соңғы жылдары облыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өнірудің тұрақты, оң динамикасына қол жеткізілді.

2003-жылдан бері облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға 334 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 149 млрд. теңгесі немесе 45% мемлекеттің қайтарылмайтын қолдауы. Өткен бесжылдықпен салыстырғанда (2004-2008 жж.), соңғы бес жылда (2009-2013 жж.) облыстағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,7 есе өсіп, 256 млрд. теңгеден артты.

Осы жылдар ішінде облыстың ІЖӨ-ні ауыл шаруашылығының үлесі 21% жетті. Облыстың агроөнеркәсіптік кешені республика бойынша астық пен ұнның 25%, еттің 10%, сүттің 7% және жұмыртқаның 12% өндіреді.

Ауыл шаруашылығыныдағы еңбек өнімділігі (жалпы қосылған құн бойынша) соғңы 5 жылда орьташа есеппен жылына салада жұмыс істейтін 1 адамға 783 мың теңгеден келеді (республика бойынша 410 мың теңге).

Үстіміздегі жылы шаруашылықтың барлық санаттарында сүт өндіру - 344,9 мың тонна, тірі салмақтағы ет өндірісі - 131,6 мың тонна, жұмыртқа - 422,7 млн. дананы құрайды.

Мал басының артып, өнімділігі ұлғаюына орай, ауыл шаруашылығы құрылымдарында мал шаруашылығы өнімдеорінің негізгі түұрлерін өндіру көлемі арта түсті.

2011-2013-жылдары ет өндіру 2008-2010-жылдарымен салыстырғанда 41%, сүт 17%, жұмыртқа 36% артты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны