01.10.2015, 16:02 4282

2015 жылғы қыркүйекте өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 1,3%-ға жоғарылады

Ағымдағы жылғы қыркүйекте тамызбен салыстырғанда баға өӊдеу өнеркәсібінде - 6,1%-ға жоғарылады, кен өндіру өнеркәсібінде - 1,4%-ға төмендеді. Өндірілген өнімге баға - 1,6%-ға жоғарылады, өндірістік сипаттағы қызметтерге - 1,4%-ға төмендеді

Астана. 01 Қазан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы қыркүйекте тамызбен салыстырғанда баға өӊдеу өнеркәсібінде - 6,1%-ға жоғарылады, кен өндіру өнеркәсібінде - 1,4%-ға төмендеді. Өндірілген өнімге баға - 1,6%-ға жоғарылады, өндірістік сипаттағы қызметтерге - 1,4%-ға төмендеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өткен айда бағаныӊ сұйытылған пропан және бутанға - 12,5%, мазутқа - 4,3%, металл кендеріне - 2,6%, мұнайға - 1,1%, бензинге - 1%, табиғи газға - 0,5%-ға жоғарылауы тіркелді.

Баға асыл металдарға - 28,6%, мырышқа - 27,1%, ферроқорытпаларға - 21%, алюминийге - 19,6%, қара металдар илегіне - 6,7%, қорғасынға - 3,9%-ға жоғарылады.

Бағаныӊ қантқа - 12,8%, шайға - 5,7%, құс етіне - 3,1%, бидай ұнына - 2,2%, маргаринге - 0,7%, сүт өнімдеріне - 0,6%-ға, балық және күрішке - 0,5%-дан, өсімдік майына - 0,4%-ға жоғарылауы, олардыӊ мал етіне - 0,4%, қара бидай ұнына - 0,3%-ға төмендеуі байқалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны