21.12.2017, 21:53 4587

2017 жыл қорытындысы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ Шығыс Қазақстан облысындағы 80 000 клиенті мемлекет сыйлықақысын алады

Шығыс Қазақстан облысындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі балалар үйлерініӊ тәрбиеленушілеріне де баспана алуға көмектеседі. Облыста алты жылдан бері "Мейірім" атты бағдарлама жұмыс істеп келеді.

Өскемен. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Осы жылы Шығыс Қазақстан облысында 80 000 адам мемлекет сыйлықақысын алады. Бұл - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) салым ашқан аймақ тұрғындарыныӊ саны. Олардыӊ 21 000-ы келісім-шартты 2017 жылы ресімдеген. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Шығыс Қазақстан облыстық филиалы қызметініӊ жыл қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында Қызмет көрсету орталығыныӊ басшысы Аслан Самжанов осы және басқа да деректер туралы айтып өтті.

- Бүгінгі күні Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымдар бойынша 13,3%-ға дейін баратын еӊ тиімді мөлшерлеме ұсынып отыр. 2%-дық негізгі мөлшерлемесі бар депозит бойынша мұндай табыс дәл осы 20% көлеміндегі мемлекеттіӊ сыйлықақысы есебінен қалыптасады. Ол 200 айлық есептік көрсеткіштен, басқаша айтқанда 453 800 теӊгеден аспайтын сома бойынша есептеледі. Яғни жыл бойы біздіӊ клиент осындай сома жинаса не оны бірден шотына салса, 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша 90 760 теӊгеге теӊ еӊ үлкен сыйлықақыны алады, - деп түсіндірді Аслан Самжанов.

Жыл ішіндегі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозитінде жиналған ақша 200 АЕК-тен жоғары болса, мемлекеттік сыйлықақы есептелмеген салым сомасыныӊ бөлігі келесі жылы сыйлықақы тағайындаларда ескерілетін болады.

Осы уақытқа дейін 10 000-нан астам аймақ тұрғыны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен 40,6 млн теӊгеге заем алып, тұрғын үй жағдайларын жақсарта алған. Займшылардыӊ жасы негізінен 30 бен 40-тыӊ аралығында. Ресімделген барлық несиеніӊ 75%-ы коммерциялық нарықтан пәтер сатып алуға берілген екен.

2017 жылы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасыныӊ аясында банктіӊ 105 салымшысы баспаналы болған. Келесі жылы тағы 430 облыс тұрғыны жаӊа үйдіӊ иесі атанады деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек аймақтық тұрғын үй бағдарламасыныӊ көмегімен 372 пәтерден тұратын 7 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді.

Шығыс Қазақстан облысындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі балалар үйлерініӊ тәрбиеленушілеріне де баспана алуға көмектеседі. Облыста алты жылдан бері "Мейірім" атты бағдарлама жұмыс істеп келеді. Бұл - ата-анасыз балаларға қолдау білдіруге бағытталған әлеуметтік жоба. Бағдарлама аясында әр баланы қандай да бір патронат-ұйым өз қамқорлығына алып, оныӊ қызметкерлері жылына бір рет біркүндік жалақыларын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі баланыӊ шотына аударып отырады. Бұл тәрбиеленуші балалар үйінен шыққанға дейін жалғасады. Кейін ол оқуын бітіріп, жұмысқа тұрған соӊ, ТҮҚЖБ салымында жиналған қаражат есебінен пәтер сатып ала алатын болады.

Қазіргі уақытта банктіӊ облыстық филиалында жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардыӊ атына 1 438 депозит ашылған. Олардыӊ тек 315-і бойынша мемлекеттік жәрдемақы беріледі, 1 млн мен 5 млн теӊге аралығында ақша жиналған депозиттері бар 45 салымшы 21 жасқа толды.

Осы жылы ШҚО-дағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі облыстық филиалыныӊ қызметкерлері аталған бағыттағы жұмыстарын күшейтіп, демеуші болудыӊ мұндай формасы тиімді әрі нәтижелі екенін өз істерімен көрсетті. Мәселен, ТҮҚЖБ филиалыныӊ әр қызметкері біркүндік жалақыларын "Үміт" балалар үйініӊ тәрбиеленушісі Тимур Кайновтыӊ шотына аударды. Келесі жылы он сегіз жасқа толған соӊ Тимур мемлекеттік бағдарламаға қатысып, жиналған қаражаттыӊ көмегімен баспаналы бола алады.

2018 жылдан бастап Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі әскери қызметкерлерге арналған жаӊа өнімді ұсынатын болады. Искери мамандар бюджеттен тұрғын үйді жалға алу үшін алатын тұрғын үй төлемдерін пайдаланып, баспаналы бола алады.

Бұған дейін "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР заӊына сәйкес, тұрғын үйді қажет ететін әскери қызметкерлер (мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлерді, курсанттар мен кадеттерді қоспағанда) және арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері тұрғын үй жалдағандары үшін мақсатты өтемақы алатын еді.

Танымал журналист, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Қоғамдық кеӊесініӊ төрағасы Сергей Пономаревтіӊ пікірінше, бұл жағдай "өтемақы алушыларды баспанамен қамтамасыз етпейді, тек олардыӊ қысқа мерзім ішінде үйді жалға алып отыруды ғана ұсынады".

Келесі жылдан бастап әскери қызметкерлер дәл осы тұрғын үй төлемдерін пайдалана отырып, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысу арқылы баспаналы бола алады.

Жаӊа модель қай жағынан алсаӊ да тиімді болмақ. Біріншіден, тұтынудан қаражат сақтап, жинауға көшуге мүмкіндік береді, себебі әскери және арнайы орган қызметкерлері тұрғын үй төлемдерін баспаналы боламын деп жинай бастайды.

Екіншіден, жаӊа механизм бюджет шығындарын әскери қызметкерлердіӊ баспаналы болуы үшін жұмсалуына жол ашады, ал қазір ол қаражат жалға берушілердіӊ қалтасына кетіп жатыр.

Үшіншіден, әскери қызметкерлерді несиелендіру бір өнім аясында жүзеге асыралатын болады. Яғни тұрғын үй төлемдерін алушылар мен тұрғын үй төлемдерініӊ көлемі бір орталықтандырылады, республикалық бюджеттен бөлінетін ақшаныӊ қалай пайдаланылып жатқандығы ашық жүреді.

Жаӊа өнімге сәйкес әскери қызметкерлер жаӊа үй де, қайталама нарықтағы жылжымайтын мүлікті де сатып ала алатын болады. Бағдарламаға сәйкес заем бойынша сома шектеуі жоқ. Жинақ көлемі немесе алғашқы жарна неғұрлым үлкен болса, заем сомасы да соғұрлым жоғары болады. Өнім шарттарыныӊ бірі - заем бойынша төлем көлемі тұрғын үй төлемі көлемінен аспау керек.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында 54 әскери бөлімше бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны