16.01.2014, 18:47 23883

2020 жылға дейін Қазақстандағы баламалы энергия көзінің үлесі 3 пайызды құрайды - Н. Қаппаров

2020 жылға қарсы Қазақстандағы баламалы энергия көзінің үлесі 3 пайызды, ал 2050 жылы 30 пайызды құрауы керек. Бұл туралы "Жасыл" экономика: энерготиімділік пен энерго өндіру" тақырыбында өткен семинарда Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.

Алматы. 16 қаңтар. Kazakhstan today. 2020 жылға қарсы Қазақстандағы баламалы энергия көзінің үлесі 3 пайызды, ал 2050 жылы 30 пайызды құрауы керек. Бұл туралы "Жасыл" экономика: энерготиімділік пен энерго өндіру" тақырыбында өткен семинарда Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.

"Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда энергияның баламалы көздерінің ресурсы, су, жел және күн энергетикасы жылына 1 трлн КВс-тан жоғары болып есептеледі", - деді министр.

Сондай-ақ, ведомство басшысының ақпаратынша, бүгін ҚР Үкіметінде ЖЭТ-тің 2020 жылға дейін даму жоспары дайындалуда. Жоспар бойынша баламалы энергия көзі нысандарының қуаттылығын 1,8 мВт жеткізіп қолданысқа енгізу көзделген.

"2011 жылдан бастап энергобірлік құрылымында ЖЭТ үлесі бойынша 25 мВт құрады. 2014 жылдың соңына дейін энергобірлік 50 мегаватты құрауы тиіс", - деді Н. Қаппаров.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны