16.01.2014, 19:06 4125

2035 жылға қарай мұнайдың баррелі 130 долларға тең болуы мүмкін- ХЭА

Мұнай тұтынудың артуы 2035 жылы барреліне 130 долларға дейін артуына алып келуі мүмкін, деп мәлімдеді "KAZENERGY" қауымдастығы кеңесінің отрысы қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында Халықаралық Энергетикалық Агенттігінің (ХЭА) атқарушы директоры Мария Ван дер Ховен.

Алматы. 16 қаңтар. Kazakhstan today. Мұнай тұтынудың артуы 2035 жылы барреліне 130 долларға дейін артуына алып келуі мүмкін, деп мәлімдеді "KAZENERGY" қауымдастығы кеңесінің отрысы қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында Халықаралық Энергетикалық Агенттігінің (ХЭА) атқарушы директоры Мария Ван дер Ховен.

"Мұнай тұтынудың артуы 2035 жылы барреліне 130 долларға дейін артуына алып келуі мүмкін. Алайда бұл жанармай үшін мұнайдың жалғыз көз болады дегенге саймайды. Жанармайға мұнаймен қоса баламалы отын көздері де бар. Ол кезде табиғи газ бен дизельді отын да қолжетімді бола бастайды. Сол себепті қайта өңдеуші секторға сұраныстың артуы қиындық тудыруы мүмкін. Ең алдымен құнның артуы тұтынушыларға кері әсерін тигізеді", - деді Мария Ван дер Ховен.

Оның айтуынша, қайта өңдеу әлеуетінің қуаты тұтыну көлемін арттыруға алып келеді.

Осыған орай негізгі қуат Еуропа, АҚШ, Жапонияда байқалады. Тұтыну көлемі дамушы елдерде арта түседі.

"Біздің байқауымызша, Қытайдың қуатынының 2025 жылға қарай айтарлықтай артуы мүмкін. Сосын ол кезде мұнай өңдеу зауыттары салына бастайды. Сонымен қатар, Таяу Шығыста да жергілікті тұтыну мен шетелге сату үшін Мұнай өңдеу зауыттары салынады", - деді сарапшы.

Айта кету керек, халықаралық энергетика агенттігі Экономикалық әріптестік және даму ұйымы аясындағы жалғыз халықаралық автономды орган. ХЭА құрамына 28 ел кіреді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны