14.05.2014, 21:50 3182

30-ға жуық агрокәсіпорынның несиелері мемлекет есебінен арзандатылады

"Қазагромаркетинг" АҚ 28 агрокәсіпорынның несие мен лизингісінің сыйақы мөлшерлемелерін арзандатпақ.

Алматы. 14 мамыр. Kazakhstan today. "Қазагромаркетинг" АҚ 28 агрокәсіпорынның несие мен лизингісінің сыйақы мөлшерлемелерін арзандатпақ.

"Қазагромаркетинг" АҚ бірқатар қаржы институттары ұсынған 31 өтінім қарастырды, соның ішінде "ҚазАгро" холдингі құрамындағы еншілес компаниялар мен екінші деңгейлі банктер, деп холдингте хабарлады.Барлық ұсынылған өтінімдер бойынша агрокәсіпорындардың қарызы 61,9 млрд. теңгені құрайды.

Естеріңізге салар болсақ, былтыр қарызы 17,7 млрд. теңгені құрайтын 27 өтінім қанағаттандырылған болатын.

Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қаржылық сауықтыру мынадай жолмен жүзеге асырылады:

біріншіден, кредиттік және лизингтік міндеттемелерді қайта құрылымдау - қарыз алушыларда бар кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша қайтару мерзімдерін ұлғайту, төлемдерді өтеудің тәртібі мен кезектілігін өзгерту, сыйақы мөлшерлемесін өзгерту, сондай-ақ өтеу бойынша жеңілдікті кезең ұсыну.

Сондай-ақ, кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелерді қайта қаржыландыру - қарыз алушыларға ұзақ мерзімді қайтару мерзімдерімен, төмен пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен және бар берешектерін өтеуге жеңілдікті кезеңмен қосымша келісім жасау арқылы жаңа нысаналы кредиттер ұсыну не бұрын берілген кредиттерін алмастыру.

Бағдарлама бойынша толық ақпарат алу үшін "Қазагромаркетинг" АҚ-ның байланыс орталығына 8 800 080 7080 бойынша хабарласуға болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны