20.11.2020, 23:04 21290

Табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға негізсіз алынған кірісті өтеді

2018 жылы тарифтік сметалардың шығын баптарының 5% - дан жоғары орындалмауы анықталды, негізсіз табыс сомасы 75 503 738 теңгені құрады.

Алматы. 20 қараша. Kazakhstan Today - Табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға негізсіз алынған кірісті өтеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік қазақстан облысы бойынша департаменті "Қызылжар су" ЖШС-ның тарифтік сметаларының орындалуын талдау қорытындысы бойынша, 2018 жылы тарифтік сметалардың шығын баптарының 5% - дан жоғары орындалмауы анықталды, негізсіз табыс сомасы 75 503 738 теңгені құрады.

Осыған байланысты, Департаменттің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі бұйрықтарымен реттелетін қызметтерге уақытша өтемдік тарифтер бекітілді:

- 2019 жылдың 1 қарашасы мен 31 желтоқсаны аралығында суды магистральді құбырлар мен таратушы желілер арқылы беру бойынша ҚҚС-сыз 108,59 теңгетекше метр, 2020 жылдың 1 қаңтары мен 31 қазаны аралығында ҚҚС-сыз 135,5 теңгетекше метр (төмендеу 2,9% құрады);

- 2019 жылдың 1 қарашасы мен 31 желтоқсаны аралығында шайынды суларды бұру және тазарту бойынша ҚҚС-сыз 103,01 теңгетекше метр, 2020 жылдың 1 қаңтары мен 31 қазаны аралығында ҚҚС-сыз 121,419 теңгетекше метр(төмендеу 2,1% құрады).

Департаменттің пайдасына аяқталған осы бұйрықтарға субъектінің шағымдануы бойынша, сот талқылаулары аяқталған соң, "Қызылжар су" ЖШС-ы тұтынушыларға келтірілген шығындарды толық өтеді және ҚҚС-сыз 75 503 738 теңге мөлшерінде негізсіз алынған табысты төлеуге арналған түбіртектерде көрсетілген қайта есептеу жолымен өтеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны