16.09.2021, 18:30 8919

Алматы халықаралық әуежайының президенті ауысты

"Алматы халықаралық әуежайы" АҚ-ның жаңа президенті болып Алп Ер Тунга Ерсой тағайындалды.

АЛМАТЫ. 16 ҚЫРКҮЙЕК - "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ-ның жаңа президенті болып Алп Ер Тунга Ерсой тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі шешімімен "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ президенті болып Алп Ер Тунга Ерсой тағайындалды. Ол бұған дейін осы лауазымда болған Эркал Кадри Метенің орнына келді.

Алп Ер Тунга Ерсой 2 қыркүйекте Алматы халықаралық әуежайының директорлар кеңесінің құрамына кірді.

Әуежай басшылығының ауысқаны туралы ақпарат Қазақстан қор биржасының сайтында орналастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны