14.06.2022, 16:55 31806

Жыл басынан бері жеті мыңнан астам қазақстандық елден кетті

Жыл басынан бері жеті мыңнан астам қазақстандық елден кетті
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 14 МАУСЫМ - Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың төрт айында Қазақстанға 5 122 адам келсе, елден 7 041 адам кеткен. Көші-қон сальдосы 1 919 адам болды.
 
Еліміздегі негізгі көші-қон ТМД мемлекеттері арқылы өтіп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 85,3% және 80,1% болды.
 
Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 3% кеміді.
 
Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң нәтижесі еліміздің 3 өңірінде байқалды:
 
Алматы (11 577 адам);
 
Нұр-Сұлтан (10 300 адам);
 
Шымкент (1 664 адам) қалаларында.

Ақпарат көзі: zakon.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны