22.06.2022, 16:23 16846

Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыртқа өндіретін құс фабрикаларын субсидиялауды арттырады

Биыл тағамдық жұмыртқаны субсидиялауға республикалық бюджеттен 6,5 млрд теңге бөлінді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыртқа өндіретін құс фабрикаларын субсидиялауды арттырады
НҰР-СҰЛТАН. 22 МАУСЫМ - Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына тағамдық жұмыртқаны субсидиялауды қосу туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қағидалар 2022 жылдың 30 маусымда ресми жарияланғаннан кейін, 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Осылайша, отандық жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары 1 шілдеден бастап, бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия алуға өтінім бере алады.
 
Биыл тағамдық жұмыртқаны субсидиялауға республикалық бюджеттен 6,5 млрд теңге бөлінді.
 
2021 жылы жұмыртқа құс шаруашылығын қолдауға 4,3 млрд теңге бағытталды.
 
2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда құстардың саны 3,7% - 47,1 млн басқа дейін өсті.
 

Тауық жұмыртқасының өндірісі 12,1% артып, 1559,5 млн дананы құрады. Ішкі нарықтың тағамдық жұмыртқамен қамтамасыз етілуі 100% құрайды", - деп атап өтті АШМ-де.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны