22.02.2017, 16:55 5029

А.Баталов: Шағын және орта бизнестен бюджетке түскен түсім үлесі 38 %

Бүгінгі күні Алматы облысында 118 мыӊнан астам кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Олардан бюджетке түскен үлес 2014 жылы 21 %-тен 2016 жылы 38 %-ке дейін жетті.

Талдықорған. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгінгі күні Алматы облысында 118 мыӊнан астам кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Олардан бюджетке түскен үлес 2014 жылы 21 %-тен 2016 жылы 38 %-ке дейін жетті. Бұл туралы облыс әкімі А. Баталов өзініӊ есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Алматыоблысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Баяндамада облыс басшысы кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы сомасы 15,4 млрд. теӊге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілгенін, оныӊ 9,6 млрд. теӊгесі микрокредиттер екенін атап өтті.

Мемлекеттік бағдарламалар шеӊберінде жүзеге асырылған шаралардыӊ есебінен Алматы облысында қосымша 25,5 мыӊ жұмыс орны ашылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны