09.12.2016, 12:02 4421

А.Мырзахметов: Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мемлекеттік заттай грант ретінде жеке меншікке берілмейді

"Бірақ, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік заттай гранттар ретінде жеке меншікке беруге жол берілмейді. Тек қана жалға беріледі. Сондықтан, мораторий теріс әсерін тигізбейді", - деп атап өтті Вице-Премьер.

Астана. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А.И. Мырзахметов ҚР Парламент Сенатында "Қазақстан Республикасы Жер кодексініӊ жекелеген нормаларыныӊ қолданысын және "Қазақстан Республикасыныӊ Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заӊыныӊ қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы" ҚР Заӊына өзгерістер енгізу туралы" ҚР Заӊыныӊ жобасын таныстырды.

Сенат депутаттары заӊ жобасын талдап қарай отырып, қазіргі таӊдағы Жер заӊнамаларына сәйкес, жер учаскелерініӊ инвестициялық жобаныӊ, оныӊ ішінде ауыл шаруашылығы саласында іске асырылуын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасыныӊ заӊды тұлғасына заттай гранттар ретінде берілуі мүмкін болып отырғанын сөз етті.

"Осыған байланысты мынадай сұрақтар туындайды: мораторий осы тұлғаларға да қатысты бола ма, егер қатысты болса, инвестициялық шарттарға өзгерістер енгізілуі мүмкін бе?", - деп сауал тастады депутаттардыӊ бірі.

Бұл орайда, А.Мырзахметов Жер Кодексініӊ 24-бабына сәйкес, Мемлекеттік меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiніӊ осы Кодексте белгiленген тәртiппен және шарттарда Қазақстан Республикасыныӊ азаматтарына және заӊды тұлғаларына жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн екендігін айтты.

"Бірақ, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік заттай гранттар ретінде жеке меншікке беруге жол берілмейді. Тек қана жалға беріледі. Сондықтан, мораторий теріс әсерін тигізбейді", - деп атап өтті Вице-Премьер.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны