06.05.2014, 23:15 5484

АЭФ аясында "Астана Invest 2014" Халықаралық инвестициялық форумы өтеді

2014 жылдың 21 мамыры күні Тәуелсіздік Сарайында VII Астана экономикалық форумы шеңберінде "Астана Invest 2014" V Халықаралық инвестициялық форумы өтеді.

Алматы. 6 мамыр. Kazakhstan today. 2014 жылдың 21 мамыры күні Тәуелсіздік Сарайында VII Астана экономикалық форумы шеңберінде "Астана Invest 2014" V Халықаралық инвестициялық форумы өтеді.

"Астана Invest" Форумы Астана қаласына инвестициялар тартуға, қатысушыларды қаланы инвестициялық дамытудың өзекті үрдістеріне тарту, халықаралық ынтымақтастықты жақсарту және Астана қаласы брендін ілгерілетуге бағытталған, деп ұйымдастырушылар хабарлады.

Форумның басты мақсаты - Астана қаласының инвестициялық мүмкіндіктерінін таныстыру және алдағы уақытта қала экономикасына отандық және шетелдік инвестициялар ағындарын ынталандыру болып табылады.

Форумда мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, даму институттары, шетелдік компаниялар, қаржы институттары, Астана қаласының ірі және орта бизнес өкілдерінен 400-дей адамның қатысуы жоспарланып отыр.

Форумда Қазақстанның елордасын инвестициялауға, Астананың топ "ақылды қалаларының" рейтингіне енуі және қаланың инфрақұрылымын "EXPO-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізуге дайындауға байланысты мәселелер талқыланады.

Бұдан басқа, Форум қонақтарына Бірыңғай индустриялық-инновациялық көрмесі шеңберінде және Астана қаласының Индустриалдық паркіне бару кезінде елорданың инвестициялық жобаларымен танысуларына мүмкіндік туады.

Форумқа қатысу әлеуетті инвесторларға өңірдің бизнесті жүргізудегі экономикалық, құқықтық және басқа да жағдайларын зерделеуге, Астананың инвестициялық ұсыныстарымен танысуларына, сондай-ақ ресми және іскерлік қауымы өкілдерімен өңірлік инвестициялық ынтымақтастықтың келешегін талқылауға мүмкіндік туады.

Өткен жылғы форумда 500 қатысушы жиналып, оның нәтижесінде әлеуетті инвесторлармен 1,5 млрд. долларға ынтымақтастық туралы 10 Меморандумға қол қойылып, оның шеңберінде қала аумағында нақты жобалар жүзеге асырылуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны