13.05.2013, 15:53 2957

Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуіріне ҚР-да өнеркәсіптік өндіріс көлемдері 1,9%-ға артты

ҚР Статистика жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 101,9%-ды құрады. 2013 жылғы қаңтар-сәуірде 2012 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және түсті металдар кендерін өндіру артқан.

Астана. 13-мамыр. Kazakhstan Today - 2013 жылдың қаңтар-сәуіріне 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 1,9%-ға артып, 101,9%-ды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 101,9%-ды құрады. 2013 жылғы қаңтар-сәуірде 2012 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және түсті металдар кендерін өндіру артқан.

Сонымен қатар, тамақ өнімдерінің, сусындардың, жеңіл өнеркәсіптің, машина жасау және құрылыс материалдарының өндірісі жоғарылағаны байқалған.

Осылайша, өндірістің өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды. Төмендеу Ақмола, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында тіркелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны