02.12.2018, 14:04 5001

АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті Орталық және Шығыс Еуропа елдерініӊ банктік қадағалау органдары тобына мүше болды

АХҚО Комитеті BSCEE-ге мүшелікке кіре отырып, "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ банктік қызметтер нарығын реттеу және қадағалау саласын Базель комитеті стандарттарына сәйкес келтіруге септігін тигізеді.

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 26 қарашасында, Абу Даби қаласында өткен банктік қадағалау жөніндегі Базель Комитетініӊ халықаралық конференциясында АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитетініӊ Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті аймақтық тобыныӊ Орталық және Шығыс Еуропа елдері банктік қадағалау органдары тобына (BSCEE) кіру рәсімі болып өтті.

АХҚО Комитеті BSCEE-ге мүшелікке кіре отырып, "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ банктік қызметтер нарығын реттеу және қадағалау саласын Базель комитеті стандарттарына сәйкес келтіруге септігін тигізеді.

BSCEE мүшелері арасындағы өзара ынтымақтастықтыӊ нығайуына Базель стандарттары мен негізгі қағидаларын жүзеге асыру мақсатында ықпалжасап, банктік қадағалау саласында ақпарат пен тәжірибе алмасуға мүмкіндіктер ұсынады. Сонымен қатар, топ техникалық сипаттамаға қатысты мәселелерді талқылау үшін жоғары деӊгейдегі алаӊ болып, зерттеу, оқыту және білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

BSCEE-ке мүшелікке кіру АХҚО-да банктік қызметтердіӊ сенімді нарығын қалыптастыруда үлкен маӊызға ие екені сөзсіз. Банк саласыАХҚО-ныӊ аймақтық қаржы хабына айналу жолында үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар, банк секторы экономикалық өсімді ынталандыруда және даму мақсатында капитал ағымын қамтамасыз етуде, қаржы ресурстарын тартуда өте маӊызды.

Мұхтар Бөбеев, АХҚО Комитеті бас директорыныӊ міндетін атқарушы: "Біз BSCEE құрамына кіргенімізге ризамыз. АХҚО Комитетініӊ BSCEE қауымдастығына мүшелігі АХҚО-ныӊ даму тарихында үлкен маӊыз береді. Банк секторы АХҚО-ныӊ жоғары деӊгейдегі басымдылықтарыныӊ бірі ретінде қарастырылады, ал BSCEE мүшелерімен әріптестікті бастау АХҚО-ныӊ қаржы хабы ретінде қалыптасуына өз септігін тигізеді", - деді.

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ бастамасы бойынша құрылған. Орталық өз қызметін 2015 жылы желтоқсан айында қабылданған Қазақстан Республикасыныӊ "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Конституциялық заӊына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО мақсаты қаржы қызметтері және капитал нарығы саласында инвестиция салу үшін тартымды орта құру мақсатында, оныӊ ішінде, бағалы қағаздар, банк қызметтері және исламдық қаржыландыруды қоса алғанда ел экономикасына инвестиция тарту болып табылады.

www.aifc.kz

AFSA АХҚО тәуелсіз реттеушісі, Қазақстан Республикасыныӊ "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Конституциялық заӊына сәйкес, "Астана" халықаралық қаржы орталығындағы қызметпен байланысты қаржы қызметтерін реттеу мақсатында құрылған заӊды тұлға болып табылады. AFSA АХҚО қаржы компаниялары және нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредитациялау және қадағалауды қарастыратын ережелері мен қағидаларын жүзеге асырады.

www.afsa.kz

BSCEE, Орталық және Шығыс Еуропа елдерініӊ банктік қадағалау органдар тобы. Болгария, Хорватия, Чехия, Эстония, Грузия, Венгрия, Латвия, Литвия, Македония, Молдова, Монтенегро, Польша, Румыния, Ресей, Сербия, Словакия, Словения, Түркия және Украина елдерініӊ банктік қадағалаушылар органдарынан құралған. BSCEE Төраға, және Техникалық кеӊсе және Мүшелердіӊ Конференциясынан құралады.

www.bscee.org

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны