25.08.2016, 07:17 3497

Ақмола облысында агро-кеӊес өттi

Ақмола облысы Есiл ауданы, Заречное елдi-мекенiнде 200 ден астам ауылшаруашығы тауар өндiрушi компаниялары өкiлдерiнiӊ қатысуымен облыстық агро-кеӊес өттi, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Астана.25 тамыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысы Есiл ауданы, Заречное елдi-мекенiнде 200 ден астам ауылшаруашығы тауар өндiрушi компаниялары өкiлдерiнiӊ қатысуымен облыстық агро-кеӊес өттi, деп хабарлады облыс әкімдігі.

"Агроөнеркәсiп кешенi облысымыздыӊ экономикасыныӊ еӊ маӊызды салаларыныӊ бiрi болып табылады. Ол ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, оларды өӊдеу мен тұтынушыларға жеткiзу бойынша барлық шаруашылық салаларын қамтиды. Қазiргi таӊдағы агроөнеркәсiп кешенiнiӊ еӊ басты мiндетi И елiмiздiӊ, оныӊ iшiнде өӊiрдiӊ халқыныӊ әл-ауқаты және азық-түлiк қауiпсiздiгi үшiн маӊызды саналатын орақ науқанын уақытында жүргiзу", И деп атап өттi өӊiр басшысы.

Икiм биылғы жылы ауа райыныӊ қолайсыздығы астықтыӊ шығуы мен пiсiп-жетiлуiне бiраз керi әсер еткенiн айта келе, диқандардыӊ тынымсыз еӊбегi мен қазiргi заманғы технологияны қолдану және көктемгi дән сiӊiру жұмыстарыныӊ уақытылы жүргiзiлуiнiӊ арқасында гектар түсiмiнiӊ де жаман болмайтынын атап өттi.

Бұл өз кезегiнде азық-түлiкке, тұқым және жемге деген iшкi нарықтағы сұранысты толықтай қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы саласыныӊ экспорттық әлеуетiн көтеруге мүмкiндiк бередi.

Сонымен қатар облыс әкiмi биылғы агроөнеркәсiп кешенi қызметкерлерiнiӊ кеӊесiн "Заречное" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiӊ базасында өткiзiлiп отырғандығынын себебiн түсiндiрiп өттi. Оныӊ айтуынша, аталған серiктестiк егiн орағын уақытылы, ұйымшылдықпен өткiзетiн облыстағы егiншiлiк саласы өте жақсы дамыған шаруашылықтардыӊ бiрiнен саналады.

"Аталған шаруашылық сияқты науқанға ұйымшылдықпен келiп, егiн орағыныӊ технологиялық мәселелерiн, астықты қабылдау, кептiру және сақтау жұмыстарын дер кезiнде жүргiзетiн болсақ, ауыл шаруашылығы саласындағы еӊ маӊызды шешушi сәттi де ойдағыдай еӊсеретiмiзге кәмiл сенемiн", И дедi облыс әкiмi.

Кеӊестi қорытындылаған Сергей Кулагин ендiгi мiндет жауапты да, маӊызды науқанды белгiленген мерзiмде сапалы аяқтау екендiгiн атап өттi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны