10.04.2014, 19:24 3215

Ақмола облысында ауыл шаруашылығын дамыту үшін 13 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Субсидиялаудың қолданыстағы механизмдері шеңберінде 2013 жылы Ақмола облысында ауыл шаруашылығын дамыту үшін субсидия түрінде 9,3 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 6,2 млрд. теңге өсімдік өсіруге, мал шаруашылығына 3,1 млрд. теңгесі бағытталды, деп облыстық ішкі саясат басқармасынан хабарлады.

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылы Ақмола облысында ауыл шаруашылығын дамыту үшін субсидия түрінде 13,1 млрд. теңге бөлінді.

Субсидиялаудың қолданыстағы механизмдері шеңберінде 2013 жылы Ақмола облысында ауыл шаруашылығын дамыту үшін субсидия түрінде 9,3 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 6,2 млрд. теңге өсімдік өсіруге, мал шаруашылығына 3,1 млрд. теңгесі бағытталды, деп облыстық ішкі саясат басқармасынан хабарлады.

Ал, ағымдағы жылы субсидия түрінде өсімдік өсіруге 9,7 млрд. теңге, малшаруашылығына 3,4 млрд. теңге қарастырылды.

Бүгінде үлкен жер ресурстары мен табиғи климаттық жағдайды ескере келе аймақта аграрлық секторды дамытуға басымдылық берілген.

Бұл жұмыс мемлекеттік қолдау аясында, дәлірек айтсақ 2013-2020 жылдарға арналған агроөндірістік кешенді дамыту бағдарламасы "Агробизнес-2020" шеңберінде жүзеге асырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, жедел жаңарту және күшейту, ауыл шаруашылық қожалықтарды нығайту, жаңа прогресивті технологияларды енгізу, машина-тракторлық базаны және мал шаруашылығы үшін жемшөп базасын дамыту арқылы еңбек өнімділігін арттыру Елбасының халыққа Жолдауының басым бағыттарының бірі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны