26.09.2017, 17:45 4709

Ақмола облысында егін орағы аяқталды

Ақмола облысы солтүстiк аймақтар арасында еӊ бiрiншi болып, егiн орағын аяқтады. Бұл туралы бүгiнгi аппарат кеӊесiнде облыс әкiмi Мәлік Мырзалин мәлiмдедi. Жалпы биыл аймақта 4,3 млн гектар аумаққа дәндi-дақылдар егiлiп, орақ науқанында 5 млн тоннадан астық жиналды.

Көкшетау. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысы солтүстiк аймақтар арасында еӊ бiрiншi болып, егiн орағын аяқтады. Бұл туралы бүгiнгi аппарат кеӊесiнде облыс әкiмi Мәлік Мырзалин мәлiмдедi. Жалпы биыл аймақта 4,3 млн гектар аумаққа дәндi-дақылдар егiлiп, орақ науқанында 5 млн тоннадан астық жиналды. Биылғы астықтыӊ сапасы жоғары. Атап өту керек, бүгiнгi күнi облыста жаппай майлы дақылдар орағы жүрiп жатыр.

Жиында М. Мырзалин сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облыстық департаментiнiӊ жаӊа басшысы Бекбасов Қуаныш Базарұлын таныстырды.

Қ.Бекбасов, 1971 жылы дүниеге келген, жоғары бiлiмдi. Ир жылдары iшкi iстер саласында, прокуратура, қаржы полициясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте лауазымды қызметтерде болған. Бұған дейiн сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментi басшысыныӊ орынбасары болып жұмыс iстеген.

Аппарат Ақмола облысыныӊ әлеуметтiк -экономикалық даму көрсеткiштерiнiӊ 8 айдағы қорытындысы бойынша, облыстық экономика және бюджеттi жоспарлау басқармасы басшысы Б. Малғаждаров есеп бердi. Б. Малғаждаровтыӊ айтуынша, аймақта облыстыӊ барлық экономикалық саласында айтарлықтай iлгерiлеушiлiк байқалады. Исiресе, өсiм азық-түлiк өнiмдерiн өндiруде орын алған, бұл жерде өнiмнiӊ нақты көлемiнiӊ индексi 117% құрайды.

МИИДБ аясында облыста құны 1,6 млрд теӊге болатын екi жоба жүзеге асырылып, 190 жаӊа жұмыс орны ашылған. Целиноград ауданында "SAMHAT" ЖШС аяқ киiм жасайтын жаӊа желi iске қосылған. Оныӊ жылдық қуаты 500 мыӊ жұп аяқ киiм өндiруге жетедi. Степногорск қаласында "Инвест-РТ" ЖШС алтыннан минералдық шикiзат өӊдейтiн фабриканы iске қосылды. Оныӊ қуаты 108 мыӊ тоннаны құрайды. Сонымен қатар, мемлекеттiк бағдарлама аясында 5 жобаны жүзеге асыру жұмысы жалғасуда.

"Биыл су құбырларын тарту мен ауыз су мәселесiн шешу мақсатында 8,9 млрд теӊге бөлiндi. Бұл қаржы 28 нысанды iске асыруға және 12 жобаныӊ сметалық құжатын әзiрлеуге жұмсалды", - дедi Б.Малғаждаров.

8 айдыӊ әлеуметтiк-экономикалық қорытындысы бойынша есептi тыӊдаған аймақ басшысы, өндiрiс ауқымын кеӊейтуге қатысты аудан, қала әкiмдерiне, басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктедi. Сонымен қатар, М.Мырзалин ауылшаруашылығы басқармасы басшысына майлы дақылдар орағын дер кезiнде аяқтауды, ауылшаруашылығы тауарларын өӊдейтiн кәсiпорындардыӊ өндiрiстiк қуатын жүктеудi, Астананы азық-түiкпен қамту бағдарламасы аясында iске асырылып жатқан инвестициялық жобалардыӊ мерзiмiнде жүзеге асыруды мiндеттедi.

Сондай-ақ кеӊесте денсаулық сақтау саласыныӊ өзектi мәселелерi қаралды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны