24.10.2007, 13:22 1533

Ақмола облысының ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер премьер-министрдің тапсырмасымен Көкшетау мен Астанада жәрмеңке өткізеді

Ақмола облысының ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер премьер-министрдің тапсырмасымен Көкшетау мен Астанада жәрмеңке өткізеді.

Көкшетау. 24-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысының ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер Қазақстан Республикасының премьер-министрінің тапсырмасымен қараша - желтоқсан айларында Көкшетау мен Астанада жәрмеңке өткізеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Республика күніне орай ұйымдастырылған алғашқы жәрмеңке бүгін басталды. Изірленген кестеге сәйкес, Астанада, Шапағат базарында бірінші болып өз өнімдерін Целиноград ауданының тұрғындары ұсынды. Ал 4-қарашадан бастап әрбір жексенбі сайын Ерейментау, Астрахань, Аршалы, Егіндікөл, Ақкөл, Шортанды және Бұлады аудандарының ұйымдастыратын жәрмеңкелері өтетін болады. Көкшетауда бүгін Жақсы ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынуда. Осыдан кейін, әрбір сенбі сайын өз кезектерінде Щучинск, Есіл, Атбасар, Зеренді, Еңбекшілер, Сандықтау және Жарқайың аудандары ауылшаруашылық өнімдерін ұсынатын болады.

Жәрмеңкені ұйымдастырушылар - Ақмола облысы мен Астана қаласы әкімшіліктерінің басты мақсаттары - тұрғындарды делдалсыз ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету болып табылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны