02.10.2017, 17:34 4465

Ақмола облыстық мәслихаттыӊ сессиясында 2017-2019 жылдарға арналған бюджетке толықтырулар енгізілді

Мемлекеттік және әлеуметтік маӊызы бар шараларды өткізуге және әлеуметтік саладағы нысандарды қаржыландыруға 742,4 миллион теӊге бөлінетін болды. Ал, тұрғын үй құрылысын дамытуға, инженерлік және көлік инфрақұрылымдарын жаӊғыртуға 87,8 миллион теӊге бағытталатын болды.

Көкшетау. 2 қазан. Kazakhstan Today - 30 қыркүйекте Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалинніӊ қатысуымен облыстық мәслихаттыӊ кезектен тыс он бесінші сессиясы өткізіліп, 2017-2019 жылдарға арналған бюджетке толықтырулар енгізілді.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ басшысы Бауыржан Мәлғаждаров 3,5 миллиард теӊге бюджет қаржысын жоспарлаудыӊ жайы туралы айтып берді. 769,3 миллион теӊге қаржыны облыстағы жылу кәсіпорындары мен әлеуметтік саланыӊ тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жұмсау көзделген. Ауыз сумен қамтамасыз ету де күрделі мәселе. Сондықтан, 393,5 миллион теӊге қаржы осы ауыз сумен қамтамасыз етуге, тазалау құрылғыларын жетілдіруге бағытталып отыр. Мемлекеттік және әлеуметтік маӊызы бар шараларды өткізуге және әлеуметтік саладағы нысандарды қаржыландыруға 742,4 миллион теӊге бөлінетін болды. Ал, тұрғын үй құрылысын дамытуға, инженерлік және көлік инфрақұрылымдарын жаӊғыртуға 87,8 миллион теӊге бағытталатын болды.

Бұдан өзге салалар да назардан тыс қалған жоқ. Мәселен, бруцеллез ауруына шалдыққан малдыӊ құнын төлеу үшін 57,7 миллион теӊге бағытталатын болды.

"Бизнестіӊ жол картасы-2020" бизнесті дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламаларыныӊ жобаларын қаржылай қамтамасыз етуге 107 миллион теӊге қарастырылып отыр. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жергілікті полиция қызметініӊ материалдық-техникалық жағдайын жақсарту үшін 95,7 миллион теӊге бөлінді.

Сессия жұмысында облыста көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту, қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәрізді бірнеше мәселелер қаралды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны