23.12.2015, 13:32 4010

АҚШ санкциялық тізімге ВТБ-ныӊ Қазақстандағы және өзге елдердегі еншілес компанияларын қосты

АҚШ Ресейге қатысты санкциялық тізімін кеӊейтті. Оған ВТБ24, Сбербанктіӊ "еншілестері", сонымен қатар "Яндекс.Деньги" енгізілді. Бұл осыған дейін енгізілген санкцияларды тиімдірек ету үшін керек, деп түсіндірді Мәскеудегі АҚШ елшілігінде

Астана. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - АҚШ Ресейге қатысты санкциялық тізімін кеӊейтті. Оған ВТБ24, Сбербанктіӊ "еншілестері", сонымен қатар "Яндекс.Деньги" енгізілді. Бұл осыған дейін енгізілген санкцияларды тиімдірек ету үшін керек, деп түсіндірді Мәскеудегі АҚШ елшілігінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Американдық тізімдегі қаржы ұйымдарыныӊ ішінде ВТБ24, банк VTB Africa, ВТБ-ныӊ в Қазақстан, Армения, Изербайжан, Белоруссия, Грузия, Сербия және Украинадағы "еншілестері", Сбербанктіӊ Белорусь, Швейцария, Австрия және Украинадағы "еншілестері", "ВТБ Капитал Холдинг", "ВТБ Страхование" ЖШҚ, "ВТБ Лизинг" ААҚ, "Сбербанк. Автоматизированная система торгов" ЖАҚ, Сбербанктіӊ мемлекеттік емес зейнетақы қоры, "Сбербанк Капитал" ЖШҚ, "Финансовая компания Сбербанка" ЖШҚ, "Сбербанк Страхование" ААҚ, "Сбербанк Лизинг" ЖАҚ, "Сбербанк Технологии" ЖАҚ, "Яндекс.Деньги" (бұл компанияда Сбербанкке 75% акция тиесілі) кездеседі, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Секторалдық тізімге сондай-ақ "Ростех" корпорациясыныӊ еншілес компаниялары, "Мәскеу механикалық эксперименталдық зауыт" ААҚ, "Швабе" холдингі, "Галс-Девелопмент" ЖАҚ, "Оборонпром" БӨК, "Рособоронэкспорт" ААҚ, "Біріктірілген жабдық құрылысыныӊ корпорациясы", "Вертолеты России" АҚ ілікті.

SDN тізіміне Генбанк, Инресбанк, Севастопольский морской банк, КБ "Верхневолжский", Крайинвестбанк, Мособлбанк енді. Сонымен қатар, "Ялтинская киностудия", "Авиа-Групп Терминал", санаторий "Нижняя Ореанда", "Массандра" мемлекеттік концерні, "Новый свет" шампан шарап комбинаты, бірнеше офшорлар кездеседі.

Алғашқы америкалық санкциялар Қырым референдумынан кейін 2014 жылдыӊ наурызында енгізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны