12.06.2014, 21:55 3354

Ақтау порты арқылы өтетін жүктің көлемі 2009-2013 жылғы деңгейде қалады - Ш. Ілмұханбетова

"Өсімнің келешегі бойынша Ақтау портының басшылығы 2009-2014 жылдар деңгейінде қалуды көздеп отыр. Өйткені, Ресей мен Қазақстан арасында құрлықтық көліктік байланыс жақсы дамыған. Ақтау порты арқылы өтетін жүктердің негізгі көлемі көбінесе Баку және Түркия порттары арқылы Еуропа елдеріне жіберіледі", - деді әкімнің орынбасары.

Алматы. 12 маусым. Kazakhstan today. Ақтау порты арқылы өтетін жүктің көлемі 2009-2013 жылғы деңгейде қалады, деп ОКҚ баспасөз отырысында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Ізмұхамбетова мәлімдеді.

"2014 жылдың аяғына дейін Ақтау портына шығуға шамамен 600 шақырым дейінгі қашықтықты қысқартатын Орталық және Батыс Қазақстанды тікелей қосатын "Бейнеу-Жезқазған" темір жол желісі ашылады деп жоспарланып отыр. "Атырау-Ақтау" автокөлік жолына қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр - бұл Каспий теңізі бойынша жүкті тасымалдау үшін және Еуропа мен Үндістан арасындағы жүк қатынасының қомақты үлесін тарту үшін Ақтау портын жүкті ауыстырып тиеу базасы ретінде пайдалануға зор мүмкіндік береді", - деді ол.

"Өсімнің келешегі бойынша Ақтау портының басшылығы 2009-2014 жылдар деңгейінде қалуды көздеп отыр. Өйткені, Ресей мен Қазақстан арасында құрлықтық көліктік байланыс жақсы дамыған. Ақтау порты арқылы өтетін жүктердің негізгі көлемі көбінесе Баку және Түркия порттары арқылы Еуропа елдеріне жіберіледі", - деді әкімнің орынбасары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны