06.05.2013, 16:53 5404

Ақтау порты қуаттылығы 1 млн тонна болатын астық терминалын сатып алады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2015 жылға дейін Ақтау порты бір ретте 1 млн тонна өнім сиятын терминал сатып алады. Бұл туралы "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" Ұлттық компаниясының Маркетинг және көліктік логистика бөлімінің маманы Есет Қараев мәлім етті.

Астана. 6-мамыр. Kazakhstan Today - Ақтау порты қуаттылығы 1 млн тонна болатын астық терминалын сатып алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2015 жылға дейін Ақтау порты бір ретте 1 млн тонна өнім сиятын терминал сатып алады. Бұл туралы "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" Ұлттық компаниясының Маркетинг және көліктік логистика бөлімінің маманы Есет Қараев мәлім етті.

"Болашақта, яғни 2015 жылға дейін біз ірі жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Ол жобаның мақсаты - Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту. Порт кеңейген соң, біз кеме келіп тоқтайтын тағы үш орын саламыз. Соның біреуінде қуаттылығы 1 млн тонна болатын астық терминалын орнатамыз. Себебі, біздің порттан Иран және оңтүстік шығыс еуропа елдеріне астық тасымалдаушылар саны көбейіп келеді. Бұдан өзге порттың қуаттылығын арттыруға бағытталған тағы екі терминал салу ойда бар", - деді Есет Жұмабайұлы.

Оның айтуынша, қазір порттағы паромдардың қызметі де күшейтіліп жатыр.

"Порттағы паромдардың қызметі де күшейіп келеді. Паромның артықшылығы неде деген сұраққа келсек, мысалға, теміржолмен тасымалданатын жүктерді біз паромға әкелген соң қайта тиемейміз. Яғни, паромның сатысы төмен түсіріледі де жүк бірден паромға тиеліп, тасымалдауға дайын болады. Бұл әрі ыңғайлы, әрі уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді", - деп түйіндеді өз сөзін ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны