06.09.2007, 18:35 3296

Ақтөбе облысында бірнеше жылғы қуаңшылықтан кейін астық түсімі 3 есеге өсіп отыр

Ақтөбе облысында бүгінгі күнге дейін астық өнімінің жартысына жуығы жиналған, соңғы үш жылғы қуаңшылықтан кейін алғаш рет астық түсімі 3 есеге дейін өсіп отыр.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. АҚТӨБЕ. Ақтөбе облысында бүгінгі күнге дейін астық өнімінің жартысына жуығы жиналған, соңғы үш жылғы қуаңшылықтан кейін алғаш рет астық түсімі 3 есеге дейін өсіп отыр. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Ақтөбе облысының ауылшаруашылық департаментінен хабарлады.

Атап айтқанда, облыстық ауылшаруашылық департаменттің хабарлауынша, 299 мың гектарға жуық алаңның астығы жиналды, бұл жиналуға тиіс барлық егін егілген жердің 50,8 пайызын құрайды. Тартылған бидайдың көлемі 258 мың тонна.

Сонымен қатар, департаменттегілердің хабарлауынша, "үш жылғы қуаңшылықтан кейін алғаш рет астық түсімі үш есеге жуық өсіп отыр - орта есеппен облыс бойныша бұл көрсеткіш бір гектарынан 3,1 центнерді құрайды".

Департаменттегілер сондай-ақ, шаруашылықтар жанар-жағармай материалдарымен 100 пайыз қамтамасыз етілгендігін атап өтті. "Осы мақсатта жыл басында облыстың көктемгі-күздік егіс алқабы жұмыстарын жүргізуге 16 мың тонна дизельдік отын сатып алынған болатын, қазіргі уақытта шаруаларға бір литрі 51 теңгемен сатылуда, бұл жергілікті жанар-жағармай станцияларындағы бағадан 10 теңгеге арзан",- деп түсіндірді департаменттегілер. Бірақ, мамандардың мәліметтеріне сүйенсек, облыстағы астық жинау машиналарының дайындығы 85 пайызды құрайды, нәтижесінде 1900 астық жинау машинасының әрқайсысына келетін үлес 300 гектардан.

Мамандардың болжамына сүйенсек, Ақтөбе облысындағы астық жинау қыркүйектің екінші онкүндігінде аяқталады.

Бұрындары хабарлағанымыздай, үстіміздегі жылы Ақтөбе облысында астық жинау алаңы 661 мың гектарға жуық, осы жылы олардың 587 мың гектарынан астық жиналатын болады. "Алаңның қалған 11,3 пайызы жарамсыз",- деп қосты департаменттегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны