08.07.2018, 23:39 4728

Ақтөбе облысында экологиялық жағынан таза пакеттердіӊ өндірісі іске қосылды

Елорданыӊ мерейтойын мерекелеу күні "Ақтөбе" индустриялық аймағында экологиялық маӊызы бар өндіріс іске қосылды. "Поливест" ЖШС өндірісті бастады. Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Ақтөбе. 8 шілде. Kazakhstan Today - Елорданыӊ мерейтойын мерекелеу күні "Ақтөбе" индустриялық аймағында экологиялық маӊызы бар өндіріс іске қосылды. "Поливест" ЖШС өндірісті бастады. Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Айта кетейік, пакеттер арнайы қосымшалардыӊ арқасында бір жылдыӊ ішінде толықтай шіриді.

- Біз 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеміз, бірақ бұған дейін ғимараттыӊ ішін жалдадық. Мемлекетке, облыс әкімдігіне, бір жыл бұрын бізге Индустриалды аймақтан 1 гектар жерді қажетті инфрақұрылымдарымен бірге бөлген "Ақтөбе" ИКК-на үлкен рахмет. Мұнда біз 3 мыӊ шаршы метр алаӊы бар жеке өндіріс ғимаратын салдық. Енді алпыс адамды жұмыспен қамтып, өндірісті кеӊейтіп жатырмыз, - деді ЖШС директоры Бауыржан Жүсіпов.

Жобаға салған инвестицияныӊ жалпы көлемі 500 млн теӊгені құрады. Мұнда жылына түрлі мақсатқа арналған 1 200 тонна эко пакет шығарылатын болады. Б.Жүсіповтыӊ айтуынша, өнім Қазақстанныӊ барлық аумағында үлкен сұранысқа ие. Ірі тапсырыс берушілердіӊ қатарында Ақтөбе, Астана, Алматы мен Қарағанды қалалары бар.

Ақтөбе облысында Астананыӊ мерейтойына орай барлығы отыздан аса әлеуметтік, өндірістік және сауда нысандары пайдалануға беріліп жатыр. Олардыӊ құрылысына салынған инвестиция көлемі 10 млрд теӊгеден асты.

Сондай-ақ, Елорда күні облыстыӊ барлық жерінде кеӊ ауқымды мәдени бағдарлама өтуде. Соныӊ ішінде сағат 21.00-де облыс орталығындағы Тұӊғыш Президент атындағы саябақ сахнасында "Астана - махаббатым меніӊ" атты мюзикл көрсетілмек. Жалпы, 430 мыӊдай адамды қамтыған 1200-ден аса қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық және спорттық шаралар өткізу жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны