Система Orphus

Ақтөбе облысында құны 21 млрд.теӊгелік газ өӊдейтін зауыт салынады

09.08.2018, 19:29 1763

Ақтөбе. 9 тамыз. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында құны 21 млрд.теӊгелік газ өӊдейтін зауыт салынады.

Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Байғанин ауданыныӊ әкімі Жандарбек Жаӊабай хабарлады.

Оныӊ айтуынша Байғанин ауданындағы Қожасай кен орнында газды кешенді әзірлеу қондырғысыныӊ құрылысы жүргізілуде, оны "Gas Proсessing Company" ЖШС жүзеге асыруда.

"Жаӊа қондырғы ілеспе газды өӊдеуді арттырып, өнімніӊ жаӊа түрлерін игеруге мүмкіндік береді. Қуаты жыл сайын 300 млн. м3 бензиннен тазартылған құрғақ газ, 37 мыӊ тонна пропан-бутан техникалық қоспасын, 5400 т газ конденсатын және 10 500 т күкірт құрайды. Ілеспе газ жандырылмайтын болғандықтан, жаӊа зауыт, тұтастай алғанда, облыс экологиясын жақсартады. Газды кешенді әзірлеу қондырғысыныӊ құрылысы ағымдағы жылы аяқталады", - деді Жандарбек Жаӊабай.

Қазіргі уақытта объекті құрылысына 450 адам тартылған, пайдалану мерзімінде 258 жұмыс орны ашылатын болады.

Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны

Серіктестердің жаңалықтары