05.09.2016, 17:01 3976

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 17,5 мыӊ адам жұмыспен қамтылды

Өӊірлерді дамыту бағдарламасы аясында 1132 ақтөбелік 152 жобаны жүзеге асыруға тартылды, 5201 адам жаӊа жұмыс орындарына орналасты.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында кешендік жоспарға сәйкес, биыл 19 262 адам жұмыспен қамтылады, 17617 жұмыспен қамтылды. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтыӊ төрағалығымен өткен отырыста мәлім болды.

Өӊірлерді дамыту бағдарламасы аясында 1132 ақтөбелік 152 жобаны жүзеге асыруға тартылды, 5201 адам жаӊа жұмыс орындарына орналасты.

"Бизнестіӊ жол картасы-2020" бағдарламасы аясында өӊірге 7,2 млрд теӊге бөлінді, 4,2 млрд теӊгесі игерілді.

Ауылдық жердіӊ 1000 тұрғыны 3 млрд теӊгеніӊ несиесіне қол жеткізді, деп хабарлады әкімдік.

"Жергілікті бюджет есебінен 1300 адам әлеуметтік орынға жұмысқа орналасты, 1349 - жастар тәжірибесіне бағытталды, 6627 - уақытша жастар тәжірибесіне бағытталып, 34 - қайта дайындыққа жіберілді", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны