24.07.2018, 17:04 4386

Ақтөбеде құны 2,5 млрд.теӊге болатын жол салу, оларды күрделі және орташа жөндеу жөніндегі 19 жоба жүзеге асырылады

Ақтөбеде құны 2,5 млрд.теӊге болатын жол салу, оларды күрделі және орташа жөндеу жөніндегі 19 жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе қаласыныӊ әкімі Ілияс Испанов хабарлады.

Ақтөбе. 24 шілде. Kazakhstan Today - Ақтөбеде құны 2,5 млрд.теӊге болатын жол салу, оларды күрделі және орташа жөндеу жөніндегі 19 жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе қаласыныӊ әкімі Ілияс Испанов хабарлады.

Оныӊ айтуынша 2018 жылы тұтастай алғанда 30 шақырымға жуық жол жөнделіп, көпірлер мен жол үстіндегі жаяу жүргіншілер жолдары салынады.

"Жұмыс көлемініӊ үлкендігін, сондай-ақ, объектілердіӊ күрделілігін ескере отырып, барлық жұмыстар әдеттегі мерзімдерден ерте басталды. Техника көптеген объектілерге сәуірдіӊ аяғы мен мамырдыӊ басында шығарылды. 8 мердігерлік ұйым тартылды", - деді Ілияс Испанов.

Облыс орталығында Тургенев көшесін Ғ.Жұбанова көшесімен қосатын автожолды қайта жарақтандыру жалғастырылуда. Жобада 5 ықшам аудандағы жол өтпесі астынан туннель орнатып, осы аудандағы автокөлік қозғалысын ұйымдастыруға өзгерістер енгізу қарастырылған. Жалпы алғанда, 5,7 шақырым автожолды қайта жарақтандыру жоспарлануда.

3 жол үстіндегі жаяу жүргіншілер жолдарын салу жұмыстары да басталып кетті. Одан басқа, жол қозғалысын басқарудыӊ автоматтандырылған жүйесін жаӊарту жұмыстары жүргізілуде, олардыӊ көмегімен қаланыӊ көше-жол желісіндегі көлік ағыны мен бағдаршам нысандарын реттеу мүмкіндігі пайда болады. Қазіргі уақытта жол қозғалысын басқарудыӊ автоматтандырылған жүйесіне 87 бағдаршам нысандарыныӊ 65-і немесе 75%-ы қосылды.

Ілияс Испанов онлайн тәртібінде Жол-көлік қозғалысы бұзушылықтарын тіркеуге мүмкіндік беретін, автокөлік ағынын және тұтастай алғанда, қаланыӊ қауіпсіздігін бақылауды іске асыратын "Смарт сити" бейне бақылау жүйесін орнату жоспарларымен де бөлісті.

Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны