01.07.2019, 23:52 9032

Қала күніне орай Нұр-Сұлтанда ауылшаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

6-7 шілдеде "Қазақстан" спорт кешенінің алаңында өз өнімдерін Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары ұсынады.Осы күндері "Хан Шатыр" СОО алаңында Павлодар және Ақмола облыстарының қатысуымен жәрмеңке өтеді.

Нұр-Сұлтан. 1 шілде. Kazakhstan Today - 6 және 7 шілдеде елорда күнін мерекелеу аясында Нұр-Сұлтан қаласында дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді. Елордаға республиканың төрт өңірінен жалпы көлемі 800 тонна болатын керуен келеді, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

6-7 шілдеде "Қазақстан" спорт кешенінің алаңында өз өнімдерін Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары ұсынады.

Осы күндері "Хан Шатыр" СОО алаңында Павлодар және Ақмола облыстарының қатысуымен жәрмеңке өтеді.

Өткізілетін жәрмеңкелердің бағасы нарықтық бағадан 20%-ға төмен болады, бұл елорда тұрғындары мен қонақтарына өнімді бірнеше апта бұрын қолайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

Олардың қатарында ет, шұжық, ет консервілері, балық, сары май, өсімдік майы, сүт, қышқыл сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, печенье, кәмпит, күріш, макарон, нан-тоқаш өнімдері және т. б. бар.

Ауылшаруашылығы өнімдерінен басқа, жәрмеңке аумағында өз өңірінің мәдениеті мен дәстүрлерін көрсететін көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ?тедi.

Сонымен қатар, әр өңір 150-200 аз қамтылған отбасы үшін қайырымдылық акциясын өткізеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны