17.12.2018, 14:12 4918

Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2018 жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 662,4 млрд теӊге төледі

Бүгінгі таӊда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген 1375 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оныӊ 642-сі - жеке меншік. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 171-ге көбейген. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы 2 есе артып, 128,1 млрд теӊгені құрады.

Астана. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ 2018 жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 662,4 млрд теӊге төледі.

"10 желтоқсандағы мәліметке сүйенсек, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 662,4 млрд теӊге төленді. Бұл кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеӊберінде бекітілген келісімшарт сомасыныӊ 83 пайызын құрайды", - деді МСҚ басқарма төрағасыныӊ міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова.

Естеріӊізге сала кетсек, МСҚ ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерініӊ қаржылық операторы болып табылады. Қор жыл басында емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеӊберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардыӊ жалпы сомасы 802,4 млрд теӊге.

"Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерініӊ операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті", - деді Б.Жақселекова.

Бүгінгі таӊда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген 1375 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оныӊ 642-сі - жеке меншік. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 171-ге көбейген. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы 2 есе артып, 128,1 млрд теӊгені құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны