03.07.2012, 15:54 3132

Алғашқы қазақстандық Nomad атты автокөлік 2013 жылдың ортасында шыға бастайды

Бұл жаңалық Астанада өткен "Индустриаландыру күн" көрмесінде айтылды деп хабарлауда "Курсивъ" газеті.

Астана. 3-шілде. Kazakhstan Today - Алғашқы қазақстандық Nomad атты автокөлік 2013 жылдың ортасында шыға бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жаңалық Астанада өткен "Индустриаландыру күн" көрмесінде айтылды деп хабарлауда "Курсивъ" газеті.

Көліктің құрылысы мен жобасы Қостанайдағы "Агромаш Холдинг" конструкторлық бюросы мен оңтүстік кореялық Ssang Yong Motor Corporation корпорациясының инженерлерінің ортақ жұмысы. Осы орайда Allur Auto автомобильдік компаниялар тобының аға директоры Андрей Лаврентьев бұл жоба қазақстанға қосымша инвестициялар тартуға серпін болады деген пікір айтты.

Бұған дейін Nomad-тың 2012 жылдың аяғында сатылымға шығатындығы айтылған болатын. Жаңа көліктің бағасы 19 мың доллар болатындығы да хабарланған еді.

Болашақта бұл көлік ұлттық компания қызметкерлері мен шенеуніктердің автосына айналуы мүмкін. Естеріңізде болса, бұған дейін елбасы шенеуніктерге шет елден көлік сатып алуға тиым салған болатын. Оның үстіне "Агромаш Холдинг" бірнеше ұлттық компаниялар мен мемлекеттік мекелермен меморандумға қол қойып, келісімге келгендігі хабарланған еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны