11.02.2014, 19:15 3189

Алматы әкімі бағалардың өсіп кетпеуі бойынша мониторингті күшейтуді тапсырды

Аталмыш оқиға бойынша әкімге күніне екі рет есеп беріледі. Қадағалау жұмыстары әкімнің орынбасарлары Мұрат Құдышев пен Ербол Шормановқа жүктелді.

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan today. Алматы әкімі Ахметжан Есімов ҚР Ұлттық банкінің бүгінгі мәлімдемесіне байланысты қалалық қызметке теңгенің девальвациясына байланысты бағаның өсіп кетпеуі бойынша мониторингті күшейтуді тапсырды.

"Қала басшысы азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі заттардың бағасын қадағалауды тапсырды. Ол үшін әкім барлық заңды әрекеттерді қолданып, барлық мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынас орнатуды тапсырды", - деп хабарлайды қалалық әкімдіктегілер.

Аталмыш оқиға бойынша әкімге күніне екі рет есеп беріледі. Қадағалау жұмыстары әкімнің орынбасарлары Мұрат Құдышев пен Ербол Шормановқа жүктелді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны