13.02.2014, 19:14 6985

Алматы әкімі интернационалист-жауынгерлерге пәтер кілттерін тапсырды

Пәтер алу кезегінден тұрған 16 отбасыға арендалық үйлерден пәтер алуға құқық беретін құжаттар салтанатты түрде табыс етілді.

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін, 13 ақпанда Алматы әкімі Ахметжан Есімов интернационалист-жауынгерлерге пәтер кілттері мен Ауғанстаннан әскердің шығарылғанының 25 жыл толуына орай жасалған арнайы медальдерді табыс етті.

"Генерал-майор Мұрат Қалматаев, Тұрар Нурғалиев, КСРО Батыры Николай Кремениш арнайы медальдармен марапатталды", - деп хабарлайды әкімдік.

Пәтер алу кезегінден тұрған 16 отбасыға арендалық үйлерден пәтер алуға құқық беретін құжаттар салтанатты түрде табыс етілді.

"Сіздердің ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды, ол ұрпақтан ұрпаққа жалғасады. Президент Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтың саясаты арқасында интернационалист-жауынгерлерге тұрақты қолдау көрсетіліп келеді. Алматылық 2800 интернационалист- жауынгерлерге жыл сайын бір реттік материалдық көмек көрсетілуде", - деді Ахметжан Есімов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны