08.08.2006, 10:19 2857

Алматы қалалық әкімшілігі мен Қаржы министрлігі Depfa-bankтің сауалын жауапсыз қалдырды

ФРАНКФУРТ. 8-тамыз. Kazakhstan Today. Алматы қалалық әкімшілігі мен еліміздің қаржы министрлігі халықаралық Depfa-bankтің сауалын жауапсыз қалдырды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне компанияның корпоративтік байланыстар жөніндегі директоры Хенрик Ханнеманн хабарлады.

"Біз, мүдделі жақ ретінде барлық қажетті құжаттарды таныстыра отырып өткізген көптеген кездесулер мен алмасылған хат-хабарларға қосымша Алматы қалалық әкімшілігі мен Қаржы министрлігіне аталмыш тексеру қорытындысына қатысты ақпарлармен таныстыруды сұрап хат жолдадық, бірақ оған жауап болмады",- делінген компанияның хабарламасында.

Алайда, "қаржы министрлігі өткізіп жатқан арнаулы тексерудің қорытындысына қарай қала өз міндеттемесін өтейді деген әкім И.Тасмағамбетов мырзаның мәлімдемесіне қарамастан, Depfa-bankтегілер бұл тексеруді мәселенің мән-жайына ешбір қатысы жоқ деп санайды". "Өйткені біз вексельдерді Парижде орналасқан банктен сатып алғандықтан, және оларды сатып алуға қатысты алыс-беріс осы саладағы халықаралық процедураларға және вексельдер алмасу ережелеріне толық сәйкестендірілген",- делінген хабарламада.

Х.Ханнеман банктің "қазақ эмитенттері үшін халықаралық рыноктағы ахуал айтарлықтай қолайлы болмаған" 2000-жылдан бастап қазақстандық несиегерлерге белсенді түрде несиелер бере бастағанын еске сала кетті. "Біз сонымен бірге қазір де бірқатар қазақ несиегерлеріне халықаралық рынокта қолдау көрсетуге дайынбыз. Алайда қаржы министрлігі мен Алматы қалалық әкімшілігі тарапына жауап қадамдардың болмауы бізді Қазақстанға қатысты тәуекелдер бойынша өзіміз жүктеп алуға әзірлік танытып отырған қазіргідей рольді қайта қарауға мәжбүрледі",- деп хабарлады Depfa-bank өкілі.

Оның айтуынша, "компания Қазақстандағы операцияларды қайтадан қолға алу үшін аталған проблеманы шешуден мүдделі".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Лондондағы Англияның коммерциялық сотында Алматы қалалық әкімшілігінің "Депфа банкке" 15 млн. доллар көлеміндегі берешегіне қатысты алғашқы тыңдау 29-маусымға белгіленген болатын. ҚР қаржы министрлігіндегілер бұл дерек бойынша арнаулы тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Мекеме төрайымы Наталья Коржованың тапсырмасымен тексерулер қорытындысы 2006-жылдың 3-шілдесіне дейін таныстырылуға тиіс.

Аталмыш мәселеге қатысты түсініктеме берген И.Тасмағамбетов Алматы қалалық әкімшілігі Depfa-bankке вексель бойынша 15 млн. доллар көлеміндегі мерзімі өтіп кеткен берешекті өтеуге дайын деп мәлімдеді. "Мәселенің мән-жайы толық анықталған кезде біз бұл қаржыны қайтаратынымыз анық",- деді ол. Оның айтуынша, "вексельді шығаруда Қазақстан заңнамасы бұзылғанын".

Алматы қалалық әкімшілігінің баспасөз қызметінің нақтылауынша, "2003-жылдың 11-желтоқсанында Алматы қаласының әкімі номиналдық құны 1 млн. доллар болып табылатын 15 вексельді жалпы 15 млн. долларға 2005-жылдың 12-желтоқсанында қайтару шартымен шығарған. Қазіргі жағдаймен вексельдерді Depfa-bank иемденеді".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны