08.01.2009, 18:45 3090

Алматы қалалық бюджетінің кірісі 2009 жылға арналған болжамдық мәліметтер бойынша 173 млрд 791 млн теңгені құрады

Алматы қалалық бюджетінің кірісі 2009 жылға арналған болжамдық мәліметтер бойынша 173 млрд 791 млн теңгені құрады

Алматы. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық бюджетінің кірісі 2009 жылға арналған болжамдық мәліметтер бойынша 173 млрд 791 млн теңгені құрады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына сілтеме жасап.

Басқарма мәліметінше, 2009 жылға арналған қалалық бюджет кірісі 173 млрд 791 млн теңге, шығындары тағы да 173 млрд 791 млн теңге, соның ішінде республикалық бюджетке алынатын төлемдер, ҚР "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға сәйкес, 55 млрд 811 млн теңгені құрады.

Бюджеттік алымдарды есепке алмағанда, нақты қолдағы бюджет 117 млрд 980 млн теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны