24.01.2018, 14:51 6031

Алматы облысы Іле ауданында кәсіпкерлер саладағы жетістіктер мен мәселелерді ортаға салды

"10 жыл бойы Іле ауданыныӊ бизнес-қоғамдастығы желтоқсан айыныӊ бірінші жұмасы күні Кәсіпкер күнін атап өтеді. Жыл сайын осы уақытта біз жұмысымыздыӊ қортындысын шығарып, ауданныӊ бизнес-ахуалына бағамызды береміз, серіктестеріміз бен кәсіпкерлерді марапаттап, жоспарларымызбен бөлісеміз. Іле ауданы кәсіпкерлерініӊ қауымдастығы да өте белсенді. Бүгінде құрамында 200-ден астам мүшесі бар", - деді кәсіпкер.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы облысы Іле ауданында кәсіпкерлер саладағы жетістіктер мен мәселелерді ортаға салды, деп хабарлайды "Атамекен" ҰҚП баспасөз қызметі.

Іле ауданында әкімдіктіӊ бизнес-қоғамдастықпен кәсіпкерліктіӊ дамуына қатысты жыл сайынғы кездесуі өтті. Іскерлік басқосу "DAMU Logistics" индустриалды-логистикалық орталығында (ИЛО) өтті. Жиын Кәсіпкерлер палатасы Өӊірлік кеӊесініӊ мүшесі, Іле ауданыныӊ кәсіпкерлері қауымдастығыныӊ президенті Жанна Телпекбаева, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Нариман Ибілшайқов, Кәсіпкерлер палатасыныӊ Іле аудандық филиалыныӊ басшысы Қанат Рахымов, Іле ауданы әкімініӊ орынбасары Нұрлан Құматаев, "DAMU Logistics" ИЛО директоры Серік Қарабаев және аудан кәсіпкерлерініӊ қатысуымен өтті.

Жиын басында Жанна Телпекбаева Іле ауданы ірі өндірістік, қаржылық, инвестициялық жағынан тартымды басты аудандардыӊ бірі, кәсіпкерлердіӊ белсенді іскерлік орталығы екенін атап айтты.

"10 жыл бойы Іле ауданыныӊ бизнес-қоғамдастығы желтоқсан айыныӊ бірінші жұмасы күні Кәсіпкер күнін атап өтеді. Жыл сайын осы уақытта біз жұмысымыздыӊ қортындысын шығарып, ауданныӊ бизнес-ахуалына бағамызды береміз, серіктестеріміз бен кәсіпкерлерді марапаттап, жоспарларымызбен бөлісеміз. Іле ауданы кәсіпкерлерініӊ қауымдастығы да өте белсенді. Бүгінде құрамында 200-ден астам мүшесі бар", - деді кәсіпкер.

Өӊірлік кәсіпкерлер палатасыныӊ басшысы (ӨКП) Нариман Ибілшайықов бизнес-ахуал мен қалыптасқан жағдай туралы айта келе жергілікті билік өкілдерін жарықпен жабдықтау мәселесіне назар аударды.

""Боралдай" индустриялық аймағында бес өндірістік кәсіпорынныӊ құрылысы жүріп жатыр және 10 млрд теӊгеден астам сомада тағы да үш кәсіпорынныӊ құрылысы жоспарланған. Олардыӊ бір бөлігіне шетелдік инвестиция тартылған, 400-ден астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Алайда, күні бүгінге дейін "Боралдай" аймағында электрмен жабдықтау өзекті болып тұр. Осы сұрақты шешу мақсатында ҚР Инвестициялық даму министрлігі және жергілікті атқарушы органдармен кездесу өткізу туралы бастама көтердік", - деп атап өтті ол.

Сонымен қоса, Нариман Ибілшайықов бір сала кәсіпорындарын шоғырландыруға бағытталған арнайы шағын индустриалды аймақтарды құру жөнінде айтты.

"Отандық өндірушілердіӊ өніміне сұранысты ынталандыру тағы бір маӊызды мәселе болып қалуда. Осыған байланысты ұзақмерзімді келісім-шарттарды жасау мен жергілікті өндірушілерді қолдау аясында жергілікті мазмұн үлесін арттыру керек", - деді ӨКП басшысы.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасыныӊ жұмысына да атап өтілді.

"Өткен жылы Кәсіпкерлер палатасына түскен барлық шағымдардыӊ 80%-нан астамы оӊ нәтижемен шешілді. Жыл ішінде бизнестіӊ мүліктік құқықтары 900 млн теӊгеге жуық қорғалды. Біздіӊ Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында 23 мыӊ кәсіпкерге 29 мыӊ түрлі сұрақтар бойынша сервистік қызмет пен кеӊестер берілді", - деді.

Аудан әкімініӊ орынбасары Нұрбол Құматаев бизнестіӊ ауданныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі орын алатынын айтты.

"Аудан әкімдігі кәсіпкерлік саласындағы проблемалық сұрақтар бойынша өкілеттілігі аясында тұрақты түрде мәселелерді шешу бойынша көмек көрсетіп отырады. Сауалдар жер қатынастары, сәулет және құрылыс, коммуналдық шаруашылық, рұқсат беру қағаздарын сүйемелдеу мен рәсімдеуге байланысты", - деп атады ол.

Айтуынша, 2017 жылы ауданда 21 өндірістік кәсіпорын жүмысын бастаған, жұмыс істеп тұрған 16 кәсіпорын кеӊейтілген, жаӊадан 610 жұмыс орны құрылған.

"Ауданда сомасы 52 млрд теӊге болатын 17 инвестициялық жоба іске асырылуда. Оныӊ ішінде 7 жоба 11 млрд теӊгеге іске асырылып, қазіргі таӊда 325 жұмыс орны пайда болды. Олар - бұрамашеге мен шегелерді өндіретін "Метбұйым зауыты" ЖШС, металл бұйымдарын шығаратын "Металл Строй" ЖШС, металл ыдыстарын шығаратын "IBT GROUP" ЖШС, электравтобустарды құрастыратын "Хайгер квозерс" ЖШС, пластик бұйымдарды дайындайтын "ДВС" ЖШС, бетон бағаналарын шығаратын "МББ зауыты" ЖШС, "Макдональдс" тамақтандыру желілеріне арналған нан өнімдері мен салаттар жасайтын "Фуд таун" ЖШС", - деп қостыаудан әкімініӊ орынбасары.

Жиын қорытындысы бойынша жеке кәсіпкерлікті және ауданныӊ экономикалық жағдайын дамытқаны үшін бірқатар кәсіпкерлер алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен бірге жиын қатысушылары ИЛО-ныӊ қызметімен танысты. Бүгінгі таӊда орталықта қажетті инфрақұрылымы бар өндірістік алаӊдар орналасқан.

Анықтама үшін: 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша Іле ауданында шағын және орта бизнес субъектілері саны 9394 жеткен. ШОБ-тан түскен салық көлемі 15,9 млрд теӊгені құрап, өткен жылғы көрсеткішпен салыстарғанда 29%-ға артқан. Тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерініӊ көлемі 156,3 млрд теӊгені құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны