08.09.2017, 16:00 6215

Алматы облысы күздіӊ алғашқы ауылшаруашылық өнімдерініӊ жәрмеӊкесін Алматыда өткізгелі отыр

Осы аптаныӊ сенбісінде Алматы қаласында Алматы облысыныӊ 16 ауданы мен 3 қаласыныӊ және "Жетісу" ИКК қатысуымен күздіӊ алғашқы ауылшаруашылық өнімдерініӊ жәрмеӊкесі өтеді. Жетісулық ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер 360 тоннадан астам сапалы әрі экологиялық таза өнімдерін нарық бағасын төмен бағада ұсынбақ.

Талдықорған. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Осы аптаныӊ сенбісінде Алматы қаласында Алматы облысыныӊ 16 ауданы мен 3 қаласыныӊ және "Жетісу" ИКК қатысуымен күздіӊ алғашқы ауылшаруашылық өнімдерініӊ жәрмеӊкесі өтеді. Жетісулық ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер 360 тоннадан астам сапалы әрі экологиялық таза өнімдерін нарық бағасын төмен бағада ұсынбақ.

Жалпы Алматыға өнімніӊ 48-ден астам түрі жеткізіледі. Соныӊ ішінде жалпы құны 180,1 млн теӊгені құрайтын 34,4 тонна ет, 16,8 тонна сүт өнімдері, 102,1 тонна көкөніс, 11,8 тонна балық, 36 тонна жеміс-жидек, 40,9 тонна картоп пен 115 тонна өзге де өнімдер бар.

Осы күні қала тұрғындарыныӊ назарына облыстыӊ өнер ұжымдарыныӊ дайындаған концерттік бағдарламасы да ұсынылмақшы.

Естеріӊізге салар болсақ, кезекті күзгі жәрмеӊке Алматы қаласыныӊ айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру, азық-түлік бағасын тұрақтандыру мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған шара.

Жәрмеӊке 9 қыркүйек күні Жібек жолы көшесінде (Желтоқсан - Наурызбай батыр көшелерініӊ қиылысы) сағат 07.00-де басталады.

Еске сала кетейік, Алматы облысы аумағыныӊ көлемі 223,5 мыӊ ш2. (Қазақстан жерініӊ жалпы көлемініӊ - 8,2%) құрайды.

Алматы облысы аграрлық бағыттағы өӊірге жатады. Қазақстанныӊ мәдени және қаржылық орталығы - Алматы қаласыныӊ жақын орналасуы маӊызды фактор болып табылады.

Ауыл шаруашылығы облыстағы халықтыӊ жұмыспен қамтылған еӊ ірі секторы болып табылады (жалпы жұмыспен қамтылудыӊ - 27,1%), 54 мыӊнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары және 354 мыӊ халықтыӊ жеке қосалқы шаруашылықтары жұмыс жасайды.

Облыстыӊ аграрлық секторы - көпсалалы, ауыл шаруашылығы дақылдарыныӊ 30-дан астам түрі егіледі, ауыл шаруашылығы малдарыныӊ 45 түрі өсіріледі және 35 түрден астам өӊделген азық-түлік тауарлары шығарылады.

Ауыл шаруашылығы өнімініӊ жалпы өндірісі бойынша облыс республикада еӊ жоғары көрсеткішке ие - 425,3 млрд. теӊге, бұл 202 жылғы деӊгейден 1,2 есе артық. Өӊір елдегі дәндік жүгері (үлестік салмағы - 62%), қант қызылшасы (38%) және майбұршақ (96%), көкөніс (27%), жеміс және жидек (37%), ет (19%), сүт (13%) жүн (22%) және жұмыртқа (23%) өндірісі бойынша алдыӊғы орында.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны