05.05.2016, 11:18 5270

Алматы облысында 6350 га қант қызылшасы отырғызылды

Алматы облысында 6350 га қант қызылшасы отырғызылды, деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы С.Бекішов өӊірдіӊ 2016 жылғы І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары отырысында

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы облысында 6350 га қант қызылшасы отырғызылды, деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы С.Бекішов өӊірдіӊ 2016 жылғы І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары отырысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сөз алған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы С.Бекішовтіӊ хабарламасы көктемгі егіс науқаныныӊ барысы, дақылдар егу, ет және сүт өндірісі саласыныӊ дамуы, қант қызылшасын өсіруді ұлғайту мәселелері жөнінде болды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, қазіргі кезде 6350 га қант қызылшасы себілген, егістік жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Сонымен қатар С. Бекішов Ақсу қант зауытын қалпына келтіру жұмыстарыныӊ белсенді атқарылып жатқанын айтты.

Құрылыс жұмыстары мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Облыстық құрылыс басқармасыныӊ басшысы Т. Бектасов биылғы жылға және келесі жылға ауысатын барлық құрылыс нысандары жайлы баяндады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны