22.02.2017, 17:01 4792

Алматы облысында биылғы жылы 78 мыӊнан астам гектар жерге жүгері егіледі

Алматы облысында биылғы жылы 78 мыӊнан астам гектар жерге жүгері егіліп, 507 мыӊ тонна өнім жинау жоспарланған. Жалпы жүгері алқабы облыста соӊғы үш жылда 9 мыӊ гектарға ұлғайтылған.

Талдықорған. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысында биылғы жылы 78 мыӊнан астам гектар жерге жүгері егіліп, 507 мыӊ тонна өнім жинау жоспарланған. Жалпы жүгері алқабы облыста соӊғы үш жылда 9 мыӊ гектарға ұлғайтылған. Бұл туралы өзініӊ есепті жиынында облыс әкімі А. Баталов айтты, деп хабарлайдыАлматыоблысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Баяндамадағы мәліметтерге сүйенсек, облыстағы екінші крахмал-сірне зауыты Қарасай ауданында орналасқан "АзияАгроФуд" АҚ-ға жаӊғыртылу жұмыстары жүргізіледі. Бұл өз кезегінде жүгері өӊдеу деӊгейін 45-тен 60 % -ке жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қосымша тағы 2 қырман салынады деп көзделуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны