09.09.2016, 13:10 4247

Алматы облысында қант зауыттары қалпына келтіріліп, Қазақстанды отандық қантпен қамтамасыз ету жоспарлануда

Өткен жылы инвесторлар арқасында Көксу ауданында жұмыс істемей тұрған қант зауыты іске қосылды. Биыл жаӊарту жұмыстары жасалуда, сонымен қатар, Ақсу қант зауытын қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалуда.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ қаӊтар-шілде айларында Алматы облысына 263,3 млрд теӊге көлемінде инвестиция жұмылдырылды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг барысында Алматы облысы әкімініӊ орынбасары Бахтияр Өнербаев мәлім етті.

"Инвесторлармен байланыс - бұл біздіӊ жұмысымыздағы маӊызды бағыттыӊ бірі. Инвестицияны жұмылдыру мақсатында облысқа 2016 жылдыӊ басынан бастап 269,3 млрд теӊге инвестиция жұмылдырылды. Бұл салық түсімдерініӊ көлемін ұлғайту мүмкіндік береді, яғни, экспорттыӊ үлесін азайтады, сонымен қатар, облысты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді",-деді әкім орынбасары.

Сөз барысында ағымдағы жылдыӊ 7 ай ішінде 14 269 жұмыс орыны құрылғандығын айтты. Өткен жылы инвесторлар арқасында Көксу ауданында жұмыс істемей тұрған қант зауыты іске қосылды. Биыл жаӊарту жұмыстары жасалуда, сонымен қатар, Ақсу қант зауытын қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалуда.

"Осылайша, Алматы облысы барлық мүмкіндіктерді қолдану үстінде және болашақта елді отандық қантпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспортқа шығуды жоспарлауда",-деді ол.

Алматы облысындағы 103 апатты жағдайдағы көпір 2019 жылға дейін жөнделеді, деп хабарлады Алматы облысы әкімініӊ орынбасары Бахтияр Өнербаев ОКҚ брифингінде.

"Алматы облысында бар барлық көпірдіӊ 103-і апаттық жағдайда тұр. Қазір апатты көпірлерді қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жобалық-сметалық құжатнама әзірленді, барлық материал сараптамаға бағытталды. Мемлекеттік сараптаманы алған соӊ жергілікті бюджеттен қалпына келтіру үшін қаржы бөлінеді деп ойлаймын. 2017-2019 жылдарға арналған бағдарлама әзірленді", - деді облыс әкімініӊ орынбасары.

Айта кетейік, Алматы облысыныӊ облыстық маӊыздағы жолдарында 244 көпір, 6338 су жіберу құбыры мен шағын көпірлер бар. 244 көпірдіӊ 103-і апаттық жағдайда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны