11.12.2012, 14:55 4688

Алматы облысында тұрмыстық жабдықтар мен көшелерді жарықтандыру құралдарын шығаратын зауыт ашылды

Ведомство ақпаратына қарағанда, оған 2,5 миллион доллар шамасында инвестиция тартылған. Зауыттың құрылғылары Қытай, Түркия мен Жапонияда шығарылыпты. Бұл сапалы, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік береді, дейді ведомство өкілдері. Болашақта зауыт өнімдері Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстанға экспортталады.

Талдықорған. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы облысы Жамбыл ауданының Қасымбек ауылында тұрмыстық жабдықтар мен көшелерді жарықтандыру құралдарын шығаратын зауыт ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомство ақпаратына қарағанда, оған 2,5 миллион доллар шамасында инвестиция тартылған. Зауыттың құрылғылары Қытай, Түркия мен Жапонияда шығарылыпты. Бұл сапалы, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік береді, дейді ведомство өкілдері. Болашақта зауыт өнімдері Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстанға экспортталады.

Зауыт директоры Бибігүл Бекетаеваның ақпаратына қарағанда, өндіріс орнының инвесторы түркиялық Тексан компаниясы.

"Сырттан инвестиция тартылуы жергілікті нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар 70 адам жұмыспен қамтамысыз етілді", деді зауыт басшылығы.

Оның сөзіне қарағанда, зауытқа жергілікті тұрғындар еңбекке тартылған, олар түркиялық әріптестерінен жұмысың қыр-сырын үйреніпті.

"Алдағы екі жылдың ішінде шығарылатын өнім түрін жүзге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Болашақта бізде 300 адам еңбек ететін болады", деді Б.Бекетаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны