22.05.2018, 11:17 4520

Алматы облысыныӊ өткен 4 айдағы экономикалық өсімі 4,2 % құрады

- Жалпы облыстыӊ бүгінгі экономикалық өсімі жаман емес - 4,2 % құрап отыр. Елбасы облысқа келген сапарында жұмысымызға оӊ баға берді, сонымен қатар жаӊа міндеттер жүктеді. Президент тапсырмаларын жүзеге асырудыӊ іс-шаралар жоспарын әзірлеп, соныӊ негізінде жұмыс жасауымыз керек. Биылғы жылы шағын және орта бизнесте ашылуы тиіс 100 жаӊа нысанныӊ әрқайсысын аудан әкімдері жатқа білуі керек, деді әкім.

Талдықорған. 22 мамыр Kazakhstan Today -Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталовтыӊ төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Онда 2018 жылдыӊ 4 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен ІІ тоқсанға арналған міндеттер және 2017-2018 жылдардағы жылыту маусымыныӊ қорытындысы мен 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымындағы міндеттер туралы мәселелер қаралды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Бірінші мәселе бойынша облыс әкімініӊ орынбасары Жеӊіс Тұяқов баяндама жасады. Баяндамашыныӊ айтуынша, өӊірде өнеркәсіп өндірісініӊ көлемі 249,8 млрд. теӊге болып, нақты көлем индексі - 104,2% құрады. Жаӊа 11 нысан іске қосылып, қолданыстағы 5 өндіріс кеӊейтілген, қосымша 278 жұмыс орындары ашылды.

Ауыл шаруашылығында 10,8 мыӊ жеке шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы 50 ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жоспарлануда, оныӊ ішінде 362 ЖШҚ тартылып, 7-уі құрылды. Қант қызылшасы бойынша 7 сервистік-дайындау орталығы ашылды, 1,5 млрд. теӊгеге 132 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Ет өндірісі - 4,7%-ке, сүт - 2,1%, жұмыртқа 4,1%-ке артты. Облыс бойынша 83 бордақылау алаӊы мен 64 сүт-тауарлық фермасы жұмыс жасайды, олардыӊ жүктемесі сәйкесінше 71% және 85,4%.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерініӊ саны 1,4%-ке артып, 113,2 мыӊ бірлікті құрады, жұмыспен қамтылғандар саны - 235,7 мыӊ адам немесе жұмыспен қамтылған халықтыӊ - 24%. 4 айда ШОБ субъектілерінен бюджетке 27,8 млрд. теӊге түсіп, жергілікті бюджеттіӊ жалпы көлеміндегі үлесі 39,7%-тен 47,9%-ке дейін артты. Биылғы жылы кәсіпкерлікті қолдауға барлығы 7,8 млрд. теӊге бөлінді, оныӊ ішінде "Бизнестіӊ жол картасы - 2020" аясында - 3 млрд. теӊге қарастырылды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша шағын несиелендіруге және оқытуға 4,3 млрд. теӊге бөлінді.

Сонымен қатар ол өз баяндамасында "Нұрлы жол" бағдарламасыныӊ орындалуына, сумен жабдықтау, газдандыру, балабақшамен қамту және басқа да салаларға кеӊінен тоқталып өтті.

Баяндаманы тыӊдаған облыс әкімі А. Баталов әлеуметтік-экономикалық дамудағы жеткен жетістіктермен қатар орын алып отырған олқылықтар мен төмен көрсеткішке ие болған аудан, қалалардыӊ атын атап, жұмыстарына бағыт беру керектігін қадап айтты. Елбасыныӊ облысқа келген сапарында берген тапсырмаларын, соныӊ ішінде аудандар дамуындағы диспропорцияны болдырмау мәселесін де әрбір аудан, қала әкімдері міндетіне алуы керектігін тілге тиек етті. Мұнан соӊ облыс басшысы жарыссөзге Ескелді ауданыныӊ әкімі Бағлан Тәнекеновті шақырып, одан ауданда қолға алынатын жаӊа бастамалары туралы сұрады. Б. Тәнекеновтіӊ айтуынша, ауыл шаруашылығында жалпы саны 1250 басқа арналған 3 сүт тауарлы ферма ашу жоспарланып отыр. 500 тонналық 2 жеміс-жидек сақтау қоймасыныӊ да құрылысы жүретін болады. Қарабұлақ ауылында шетелдік инвесторлардыӊ қатысуымен соя өӊдейтін зауыт салу межеленген. Сондай-ақ 2019 жылы Шажа өзенінде 290 МВт-тық ГЭС іске қосу жобалануда.

Мұнан соӊ облыстық білім басқармасыныӊ басшысы Дәурен Жүнісов сөз алды. Ол өз сөзінде білім сапасын арттыру, саланы цифрландыру, атап айтқанда компьютерлендіру, мектептердегі интернет желісініӊ сапасын арттыру, балалардыӊ жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелеріне қатысты баяндады.

Облыс әкімі А. Баталов жарыссөзге жаӊадан тағайындалған басшыларды шақырғаны бекер еместігін айтты. "Жаӊа басшы өз саласын, өз ауданын алға бастыруда, қордаланған мәселелерін шешуде жаӊаша бағыт, тыӊ бастамаларын көрсетуі керек", - деді облыс басшысы.

Екінші мәселе бойынша баяндама жасаған облыс әкімініӊ орынбасары Айдарбек Байжанов жылыту маусымыныӊ дайындық жұмыстарына және өткізуге бөлінген 6 млрд. теӊге толығымен игеріліп, жоспарланған іс-шаралар атқарылғанын атап өтті. 32 қазандыққа, 56,5 шақырым жылу жүйесіне, 94,7 шақырым су құбыры-кәріз жүйесіне және 13,6 мыӊ шақырым электр желілеріне жөндеу жүргізілді. Жылыту маусымына 2246 бюджеттік сала нысаны, оныӊ ішінде: білім беру саласында - 1002, денсаулық сақтау - 664, әлеуметтік салада - 580 нысан және 1687 көпқабатты тұрғын үй дайындалды. 2017 жылы Ұлттық қордан 1,5 млрд. теӊге бөлініп, "Қапшағайжылу" МКК-ныӊ ғимаратын жаӊғырту жұмыстары басталды. Сол сияқты "Моноқалаларды дамыту - 2020" бағдарламасы аясында Текелі қаласындағы "Алатау" және "Достық" шағын аудандарыныӊ жылу жүйелерін жаӊғырту жұмыстарына 1,4 млрд. теӊге бөлініп, нәтижесінде 12,5 шақырым жылу желілері жөнделген.

А. Байжанов қазірден қолға алынуы тиіс көмір тапшылығын болдырмау шараларын қабылдау, сұйық отынныӊ қорын дайындау, иесіз электр желілерін коммуналдық меншікке өткізу, дебет қарыздарды өтеу сияқты көптеген мәселелерді аудан, қала әкімдері мен тиісті басқарма басшылары уақытылы орындауы қажеттігін баса айтты .

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі А. Баталов:

- Жалпы облыстыӊ бүгінгі экономикалық өсімі жаман емес - 4,2 % құрап отыр. Елбасы облысқа келген сапарында жұмысымызға оӊ баға берді, сонымен қатар жаӊа міндеттер жүктеді. Президент тапсырмаларын жүзеге асырудыӊ іс-шаралар жоспарын әзірлеп, соныӊ негізінде жұмыс жасауымыз керек. Биылғы жылы шағын және орта бизнесте ашылуы тиіс 100 жаӊа нысанныӊ әрқайсысын аудан әкімдері жатқа білуі керек. Құрылыс көлемі 137 % құрап отыр, бірақ мен бұл біз үшін ол жеткіліксіз деп есептеймін, сондықтан Президенттіӊ 7.20.25 бағдарламасыныӊ аясында құрылыс қарқынын өсіруіміз керек. Жылыту маусымына дайындық бойынша орталықтандырылмаған жылыту жүйесіне қосылмаған Талғар ауданындағы көп қабатты үйлердіӊ, сонымен қатар Қарасай, Жамбыл аудандарындағы осындай үйлердіӊ мәселесін шешуге жұмыс істеӊіздер, - деді.

Отырыс соӊында өткен жылғы жылыту маусымыныӊ қорытындысы бойынша үздіктер марапатталды. Атап айтқанда, 1 орынды Қапшағай қаласы, екінші орынды Райымбек ауданы және қос 3-орынды Сарқан ауданы мен Текелі қаласы иеленіп, оларда арнайы техникалар тарту етілді. Сонымен қатар жылу, энергетика саласы мекемелерініӊ бірқатар қызметшілеріне облыс әкімініӊ алғыс хаттары мен құрмет грамоталары берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны