12.05.2017, 17:01 5433

Алматыда 43,2 мыӊ шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді

Жол- жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 7 млрд. теӊге,соныӊ ішінде ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1 млрд. теӊге,тротуарлар мен бекет нүктелерін жөндеуге 500 млн. теӊге, орташа

Алматы. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Биылғы жылы 250 мыӊ шаршы метр жол сапалы жөнделіп, 97 мыӊ шаршы метр тротуарлар мен 130 бект алаӊдары қайта жасалады және жаӊартылады. Жол- жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 7 млрд. теӊге,соныӊ ішінде ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1 млрд. теӊге,тротуарлар мен бекет нүктелерін жөндеуге 500 млн. теӊге, орташа жөндеу жұмыстарына 5,5 млрд. теӊге бөлінді.

Қазіргі кезде қала жолдарындағы ақауларды анықтаумен және оларды жөндеу жұмыстарымен 20 бригадалары бар төрт мердігерлік ұйым айналысуда.

Алматы қаласыныӊ Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлағандай, қалада ұзындығы 31,27 км болатын 12 магистральді және аудандық маӊызы бар 23 көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ұзындығы 30,75 км болатын 19 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланды.

Жақын күндері Байтұрсынов көшесі, Тимирязев көшесінен Абай даӊғылына дейінгі жол күрделі жөндеуден өтеді. Күрделі жөндеуден өзге бұл учаскеге "Алматы қаласыныӊ тұрақты көлігі" бағдарламасы бойынша қаланыӊ велосипед және жүргінші жолы инфрақұрылымын жоспарлау негізінде велосипед жолдарыныӊ қондырғылары орнатылады.

Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы елді мекеніне дейін ұзындығы 2,08 болатын аумақ күрделі жөндеуден өтуде. Жобада көлік қозғалысы бөлігін 4 жолаққа дейін кеӊейту, "Қарғалы" өзенініӊ бойындағы көпірді қайта жасау, ұзындығы 2 км болатын веложол мен ұзындығы 4 км болатын тротуарлар салу қарастырылған.

Атап өтерлік жайт, биылғы жылы жалпы құны 574 млн. теӊге болатын 14,7 км арық желісін салу, 57 көшеде 42,2 км арық желісін қайта жасау жоспарланған. Сонымен қатар, аудандық әкімдіктерден ұзындығы 500 км болатын 488 көшеге жаӊа арық желілер мен жаӊбыр канализацияларын салу үшін ЖСҚ жасау жөнінде өтініштер түскен.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы Мақсұт Исаховтыӊ хабарлауынша, жоба құны - 1 134,0 миллион теӊге.

Атап өтерлік жайт, жолдарды жөндеу жұмыстарында заманауи техника пайдаланылады. Асфальт төсейтін жаӊа машина 8 тонна асфальт дайындап, оныӊ температурасын 180 градуста сақтай алады. Бұл техниканыӊ ерекшелігі ол қыс кезінде де жолдарды жөндей береді. Бұл техника Қазақстанда біреу ғана. Болашақта осындай бірнеше техника сатып алу жоспарлануда.

Баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, биыл сондай-ақ, 574 млн теӊгеге 14,7 шақырым арық желісін салу, 57 көшедегі 42,2 шақырым арық желілерін қайта жаӊғырту жоспарланып отыр. Қаланыӊ аудандық әкімдіктерінен 488 көше бойынша ұзындығы шамамен 500 шақырымды құрайтын арық желілері мен нөсерлік кәріз жүйелерін жаӊадан салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге өтінімдер келіп түскен.

Еске сала кетейік, 11 сәуірде Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала жолдары мен инженерлік коммуникацияларды жөндеу бойынша көшпелі кеӊес өткізді. Бауыржан Байбек көшпелі жиын барысында аудандар әкімдері мен басқарламалар басшыларыныӊ назарын екі маӊызды мәселеге - жұмыстыӊ сапасы мен уақтылы орындалуына аударды.

"Бірінші кезекте ұзындығы 37 км болатын 34 көшеге, сонымен қатар 12 магистральды көшелер мен 23 аудандық маӊызы бар көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап өтерлік жайт, ұзындығы 31 км болатын 19 көшеге де орташа жөндеу жүргізудіӊ сметалық құжаттары жасалды. Қала көшелеріндегі ақауларды тауып әрі жөндеу үшін 4 мердігерлік ұйымдар мен 12 бригада жұмыс істеуде, осы аптаныӊ ішінде бұлардыӊ саны 28-ге артатын болады", -деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы Мақсұт Исахов.

Өзініӊ кезекті жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек қалалық инженерлік коммуникацияларды жаӊарту жұмыстарын да тексеріп көрді. Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасыныӊ басшысы Ермек Үсенбаев биылғы жылы 172 қазу жұмыстарыныӊ жүргізілетінін баяндады. Жұмыстардыӊ барлығы тұтынушыларды электрден, жылудан, судан ажыратпай жүзеге асырылады. Бақылауға алынған 66 қазылған орлардыӊ жыл қорытындысы бойынша 40-ы бұрынғы қалпына келтірілді, 26-ы өтпелі. Арнайы құрылған жұмысшы тобы 30 нысаннан ақау тапты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны