04.07.2017, 13:42 5067

Алматыда ескі шиналарды қайта өӊдейтін үлкен зауыт алғаш рет іске қосылғалы отыр

Бүгінгі таӊда Алматы мен Алматы облысында жыл сайын 20 мыӊ тоннадан астам тозығы жеткен көлік шиналары жиналып қалады. Зауыт іске қосылғанда ескі шиналардан келетін экологиялық проблемалардыӊ шешімі табылады

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan Today - Алматы қаласында алғаш рет тозығы жеткен шиналарды қайта өӊдейтін зауыт іске қосылады. Алматы облысы Қарасай ауданы, Жармұхамбет ауылындағы 573 құрылыс алаӊында бой көтерген кәсіпорынныӊ ресми ашылуы шілде айыныӊ 6-ы күні болады.

"Кәсіпорынныӊ мүмкіндігі жылына 12 мыӊ тонна ескі автошиналарды қайта өӊдеуге жетеді. Зауытта 70-тен астам адам екі ауысымда жұмыс істейтін болады. Зауытты іске қосудыӊ нәтижесінде жыл сайын жол құрылысына кететін қаражат үнемделеді. Өйткені, шинадан алынған резенке қиындылары бұдан былай жол құрылысына пайдаланылады. Соныӊ нәтижесінде жол сапасы жақсарып, оныӊ ұзақ жыл жөндеу көрмей қызмет етуіне мүмкіндік береді. Және де экологияны ластап жатқан шиналар қайта кәдеге жарайды. Балаларға арналған алаӊдар, спорттық жүгіру жолақтары мен тұрмысқа қажетті бұйымдар жасалады",- деп хабарлайды зауыт өкілдері.

"Бүгінгі таӊда Алматы мен Алматы облысында жыл сайын 20 мыӊ тоннадан астам тозығы жеткен көлік шиналары жиналып қалады. Зауыт іске қосылғанда ескі шиналардан келетін экологиялық проблемалардыӊ шешімі табылады",- делінген хабарламада.

Зауыттыӊ ашулына Алматы қаласы әкімдігініӊ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, экология департаменті өкілдері, "ҚазАвтоЖол" АҚ, "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" АҚ, "Асфальтобетон 1" ЖШС, Табиғат қорғау прокуратурасы (облыстық, аймақтық), коммуналды шаруашылық қожалық басшылығы және кәсіпкерлер қатысады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны