08.06.2006, 10:02 3505

Алматыда Қазақстанның ІІІ инвестициялық саммиті ашылды

АЛМАТЫ. 8-маусым. Kazakhstan Today. Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстанның үшінші инвестициялық саммиті ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Екі күндік форум аясында елімізде жұмыс істейтін ірі шетелдік инвесторлардың қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізіледі. Сонымен бірге саммит бағдарламасына сәйкес мұнайгаз индустриясы саласындағы маркетинг пен өнім саласын дамыту, Қазақстандағы мұнай өңдеу саласының қуаты мен мүмкіндіктері, аймақтық ынтымақтастық, қоршаған ортаны қорғау, қаржы саласын дамыту, Алматыны қаржылық орталық ретінде қалыптастыру, еліміздегі бизнес саласындағы білім тақырыптарын талқылап, тұсаукесерлер өткізу межеленген.

Инвестициялық саммиттің алғашқы күні республика үкімет басшысының орынбасары Кәрім Мәсімов, қаржы министрі Наталья Коржова, СІМ Қасымжомарт Тоқаев, ЕурАзЭҚ бас хатшысы Григорий Рапота, "Нью-Йорк Таймс" коомпаниясының вице-төрағасы мен "Интернэшнл Геральд Трибун" (IHT) басылымының жетекшісі Майкл Голден секілді адамдар сөз сөйлейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны