14.05.2008, 19:42 3148

Алматының 1-ЖЭО жөндеу жұмыстарына байланысты тұңғыш рет толық жабылады

Алматының 1-ЖЭО жөндеу жұмыстарына байланысты тұңғыш рет толық жабылады

Алматы. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматының 1-ЖЭО жөндеу жұмыстарына байланысты тұңғыш рет 1 маусым мен 15 қыркүйек аралығында толық жабылады. Бұл туралы тілшілерге Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің қалалық 1 және 2 жылу энергетикалық орталықтарына барған кезінде "Алматы электр станциялары" АҚ басқарма төрағасы Бірлік Оразбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Алматы қаласының әкімі станция жұмысымен және кәсіпорынның жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Б. Оразбаев хабарлағандай, станцияда 60-жылдары енгізілген құралдар пайдаланылуда. Ол пайдаланылғалы 45 жылдың жүзі болған. Сондықтан, 1-ЖЭО басты проблемасы құралдардың тозуы. Ол қазіргі күнде 70-80 пайызға жеткен. Станцияның жұмыс қабілеттілігін сақтап тұру үшін құралдардың жөндеу жұмыстарына айтарлықтай қаржы салу қажет.

"Сондықтан, жөндеу жұмыстарының көлемінің үлкендігін және алдағы жылу маусымына дайындық сапасын арттыру қажеттігін ескере келе 1 маусым - 15 қыркүйек аралығында 1-ЖЭО толығымен жұмысын тоқтатады. Тұтынушыларды будан ажыратады", - деп хабарлады Б. Оразбаев.

Оның айтуынша, станцияның тоқтап тұрған кезінде қаланың ыстық сумен қамтамасыз етілуі жалғаса береді.

"Алматы электр станциялары" АҚ өкілдерінің хабарлауынша, екінші жылу энергетикалық орталығын бірінші жылу энергетикалық орталығымен жалғастыратын магистраль құрылысы жөндеу жұмыстарының негізгі жобаларының бірі болып табылады. Ол қосымша 400 Гкал жылу алуға мүмкіндік береді. бұл үшін екінші жылу энергетикалық орталығында жылуды қабылдау пунктін салу қажет. Бұл жобаның құны 5,6 млрд теңге. Құырылысты екі жылда аяқтау жоспарланып отыр.

Маңыздылығы жөнінен екінші шара биыл бастап, 2010 жылы аяқтау көзделіп отырған күлтөкпе құрылысы. Дәл сол жылы қолданыстағы күлтөкпе толады. Күлтөкпесіз станция жұмыс істей алмайды. Оның құрылысы 6 млрд теңгені қажет етеді.

Бұл нысанды салу үшін көлемі 14,3 гектар жер бөліну қажет. Икім күлтөкпе салатын жер бөліп беруге дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды.

Для строительства этого объекта требуется отвод земельного участка размером

Бірінші жылу энергетикалық орталығы жылу электр энергетикасын өндіретін көне нысандардың бірі. Қазіргі уақытта ол жылудың 40 пайызын, электр энергиясын жалпы тұтыну көлемінің 11 пайызын өндіреді. 1 және 2 ЖЭО оңтүстік астананың негізгі энергетикалық нысандары болып табылады. Олар қала және Алматы облысы бойынша жалпы тұтынудағы жылудың 70 пайызын және электр қуатының 60 пайызын өндіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны