06.09.2016, 15:50 3867

Алматыныӊ коммуналды паркі газбен жүретін 100 жаӊа автобуспен толықты

Алматыныӊ коммуналды автобус және троллейбус парктерін сенімді басқаруға алған "Green Bus Company" компаниясы газбен жүретін жаӊа 100 автобус алды, деп хабарлады қала әкімдігі.

Алматы. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыныӊ коммуналды автобус және троллейбус парктерін сенімді басқаруға алған "Green Bus Company" компаниясы газбен жүретін жаӊа 100 автобус алды, деп хабарлады қала әкімдігі.

Бұл жағымды шара Алматыныӊ 1000 жылдығы мен Қала күніне орайластырылған. Компанияныӊ инвестициясы - 4 млрд.теӊге өз қаржысы.

Мегаполис басшысы Бауыржан Байбек жаӊа автобустарды көрді."Біздіӊ міндетіміз - Алматыныӊ көлік саласын барынша дамыту және нарық қатынастарын қалыптастыру. Өз қаржыларын қозғалмалы составты жаӊартуға, көлік тасымалы сапасын арттыруға, қызметкерлері үшін барлық жағдайды жасауға жұмсаған компанияларды қолдаймыз, өйткені Алматыныӊ көлік жүйесі біз үшін өте маӊызды", - деп атап өтті Б.Байбек.

Икім жолдарға жасалған арнайы көлік жолақтарыныӊ көпшілік тарапынан қолдау тапқандығын әрі жолды қысқартуға ықпал еткенін де жеткізді.

"Адамдар автобустардыӊ сапалы екенін, арнайы жолақтар арқылы діттеген жерлеріне тез жететіндерін білгендіктен қоғамдық көліктерді жиі пайдалана бастады. Ақылы автотұрақтар іске қосылғалы бері қоғамдық көлікке деген сенім арта түсті. Бүгін жеке компания Қала күні қрасаӊында газбен жүретін 100 жаӊа автобус алып, алматылықтарға көрсетілетін көліктік қызметтіӊ сапасын арттыруда", - деді қала әкімі.

"Youtong" маркалы автобустар (12-метр) қыркүйектіӊ өзінде қаланыӊ орталық бағыттарын көлікпен қамтамасыз етеді. Барлық автобустар "Оӊай" жүйесімен және бір реттік жолақысын сату қондырғыларымен жабдықталады.

"Green bus company" ЖШС директоры Баурджан Кулишев автобус паркін сенімді басқаруға алған кезде 212 троллейбус пен 600-ден астам автобус болғандығын, 180 автобустыӊ бұзылып, бос тұрғандығын, қазір олардыӊ жөнделіп жатқандығын айтты. Компания "Алматыэлектротранс" ЖШС-ке қарыз 700 млн. теӊгені өтеді, жұмысшыларға 186 млн. теӊге жалақы қарызы да төленді.

Бүгінгі күні қалада 109 көлік бағыты бар. Оларды 1600 көлік бірлігі қамтамасыз етеді. "Green Bus Company" ЖШС 37 автобус және 8 троллейбус бағыттары бойынша көлік қозғалысын жүзеге асыруда, жоспарлы түрде 712 қозғалмалы бірлік жұмыс істейді немесе Алматыныӊ жолаушылар көлігініӊ 50% пайыздан астамын құрайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны